Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Жігіттер 400 метрлік эстафетадан екінші келді
182

Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Жігіттер 400 метрлік эстафетадан екінші келді

Иран астанасы Тегеран қаласында жабық кешендегі Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Ең соңғы болып, ерлер арасында 4х400 метрлік эстафета құрамасы өнер көрсетті.

Жалпы саны 6 команда қатысты. Қазақстан намысын Андрей Соколов, Сергей Зайков, Дмитрий Коблов, Михаил Литвин қорғады. Біздің жігіттер Катар желаяқтарына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. Катарлықтар мәреге 3:10.08 минутта жетсе, Қазақстан құрамасының нәтижесі –3:11.68 минут.

Үшінші орынға жергілікті Иран құрамасы тұрақтады – 3:11. 74.

Жеңіл атлетикадан VIII жабық кешендегі Азия чемпионаты. 2 ақпан. Иран, Тегеран. 4х400 метрлік эстафета, ерлер:

1.     Катар – 3:10.08 мин

2.     Қазақстан – 3:11.68

3.     Иран – 3.11.74.

Тізімге қайта оралу