Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Ирина Эктова ұзындыққа секіруден жүлдеге ілінбеді
240

Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Ирина Эктова ұзындыққа секіруден жүлдеге ілінбеді

Иран астанасы Тегеран қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарының үшінші күнінде әйелдер арасында ұзындыққа секіруден Ирина Эктова қатысқан болатын.

Жерлесіміз 5.95 метрмен жарысты төртінші болып аяқтады. Бірінші орын 2017 жылғы Азияның үздік нәтижесін көрсеткен Тхи Тху Тхао Буйға бұйырды. Ол Тегеранда 6.20 метрге секірді. Былтыр бұл спортшының ең үздік көрсеткіші – 6.68 метр болған. Екінші орынға Наяна Джеймс (Үндістан) тұрақтады – 6.08 метр. Үздік үштікті тағы бір үндістандық Нина Нелликкал қорытындылады (6.06).

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде үш қарғып секіруден чемпион атанған еді.

Жеңіл атлетикадан VIII жабық кешендегі Азия чемпионаты. 3 ақпан. Иран, Тегеран. 1500 метрге жүгіру, әйелдер:

1.Тхи Тху Тхао Буй (Үндістан) – 6.20 м

2. Наяна Джеймс ((Үндістан) – 6.08

3.Нина Варакиль(Үндістан) – 6.06

4. Ирина Эктова (Қазақстан) 5.95.

Тізімге қайта оралу