Спорттық жүрістен әлем кубогы 2018

Есептегіш

8

Күн
Тайцанг, Қытай

Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Ирина Эктова үш қарғып секіруден үздік шықты

01.02.2018

Бек Төлеуов  
136
 Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Ирина Эктова үш қарғып секіруден үздік шықты

Иран астанасы Тегеранда басталған жабық кешендегі Азия чемпионатының алғашқы күнінде әйелдер арсында үш қарғып секіруден қазақстандық Ирина Эктова чемпион атанды.

Әйелдер арасында үш қарғып секіру сайысына Қазақстаннан екі спортшы келген болатын. Олар – Ирина Эктова мен Мария Овчинникова. Соңғысы, былтырғы жылы Үндістанда өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен және Ашхабадтағы жабық кешендегі Азия ойындарында екінші орын алған. Бірақ бұл жолы Мария төртінші орынды қанағат тұтты. 19 жастағы спортшы ең жоғарғы көрсеткіші – 13 метр болды.

 Ал Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибелі атлеті Ирина Эктова 13.79 метрмен чемпион атанды. Екінші орын үндістандық атлетке бұйырса, үздік үштікте Вьетнам спортшысы тұрақтады.

Жеңіл атлетикадан VIII жабық кешендегі Азия чемпионаты. 1 ақпан. Иран, Тегеран. Үш қарғып секіру, әйелдер:

1. Ирина Эктова (Қазақстан) – 13.79 м

2. Шина Нелликал (Үндістан) – 13,37 м

3. Тхи Тху Тхао Буи (Вьетнам) – 13,22 м

4. Мария Овчинникова (Қазақстан) – 13,00 м

Тізімге қайта оралу