Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Литвин төртінші...

Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Литвин төртінші...

Тегеранда өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатының екінші күнінде ерлер арасында 400 метрге жүгірген Михаил Литвин төртінші орынды қанағат тұтты.

Катар құрамасы Тегеранға өте мықты құраммен келген. Кеше биіктікке секіруден 2017 жылдың үздік атлеті, әлем чемпионы Баршимнің қатысқанын жазған едік. Литвинмен бірге 400 метрге жүгіргендер арасында 2016 жылғы жабық кешендегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Абдалелах Харун болды. Ол өзінің фаворит екенін финалда да дәлелдей алды. 46.37 секунд жүгірген Харун чемпион атанды. Екінші орын Кувейт спортшысы Кареам Юсефке бұйырса, қола жүлдеге тағы бір катарлық Мохамед Аббас ие болды.

Михаил Литвин мәреге төртінші келді. 22 жастағы спортшысы Ашхабадтағы көрсеткішінен тура 1 минутқа төмен болды. 2017 жылы қыркүйекте 46.51 секунд жүгірсе, бұл жолы мәреге 47.51 секундта жетті. Жерлесіміз старт кезінде сәл кешеуілдеп қалды.

Жабық кешендегі Азия чемпионаты. Иран, Тегеран. 2 ақпан. 400 метрге жүгіру, ерлер:

1.     Абдалелах Харун (Катар) – 46,37 сек.

2.     Карам Юсеф (Кувейт) – 46,66 сек.

3.     Мохамед Аббас (Катар) – 46,76 сек.

4.     Михаил Литвин (Казахстан) – 47,51 сек.

Тізімге қайта оралу