Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Спринтерлер финалға шықты

Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Спринтерлер финалға шықты

Иран астанасы Тегеранда басталған жабық кешендегі Азия чемпионатының алғашқы күнінің таңғы бағдарламасында әйелдер арсында 60 және 400 метрге жүгірудің іріктеу кезеңі өтті.

60 метрге жүгіруден Қазақстаннан екі атлет келген еді. 2018 жылғы Қазақстан чемпионы Рима Кашафутдинова (7.49 с) бірінші топта жүгіріп, мәреге екінші келді. Бұл топта қытайлық liang Xiaoji үздік болды. Оның уақыт көрсеткіші – 7.29 секунд.

Ал Виктория Зябкина үшінші топта жүгірді. Қазақстанның екі атлеті де финалға шықты. Бұл сайыс түрінен жүлделер ертең сарапқа салынады.

400 метрге жүгіруден қазақстандықтар арасында іріктеу кезеңінде үздік нәтижені Светлана Голендова көрсетті – 54.93 секунд.

Элина Михина екінші топтың үздігі болды – 56.12 секунд. Финал ертең өтеді.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп үлгерді. 3000 метрге жүгірген Татьяна Нерознак пен үш қарғып секіруші Ирина Эктова алтын медаль алса, биіктікке секіруші Надежда Дубовицкаяға қола жүлде бұйырды.

Тізімге қайта оралу