Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Татьяна Нерознак 1500 метрде екінші келді

Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Татьяна Нерознак 1500 метрде екінші келді

Иран астанасы Тегеран қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарының үшінші күнінде әйелдер арасында 1500 метрге жүгірген Татьяна Нерознак мәреге екінші келді.

Татьяна 1 ақпан күні 3000 метрге жүгіруден бас жүлде алған болатын. Бүгін 1500 метрге жүгіруден Шри-Ланка спортшысына есе жіберді. Қостанайлық атлет 1500 метрді 4.28.20 минутта жүгіріп өтті. Үшінші орын Тхи Оан Нгуенге (Вьетнам) бұйырды.

Осылайша, Нерознак спорттық карьерасында жабық кешендегі Азия чемпионатының барлық жүлдесіне ие болып үлгерді. Ол бұған дейін 2014 және 2016 жылдары өткен Азия чемпионатында 800 метрге жүгіруден қола жүлде алған еді. 1 ақпанда 3000 метрде чемпион болды. Бүгін күміс жүлде бұйырды.

Жеңіл атлетикадан VIII жабық кешендегі Азия чемпионаты. 3 ақпан. Иран, Тегеран. 1500 метрге жүгіру, әйелдер:

1. Gayanthika Artgala Aberathna (Шри-Ланка) – 4.26.83 мин

2. Татьяна Нерознак (Қазақстан) – 4.28.20

3. Тхи Оан Нгуен (Вьетнам) – 4:28.87.

Тізімге қайта оралу