Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Виктория Зябкина күміс жүлдеге ие болды
170

Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Виктория Зябкина күміс жүлдеге ие болды

Иран астанасы Тегеран қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде әйелдер арасында 60 метрге жүгірген Виктория Зябкина күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстан намысын Тегеранда екі атлетіміз қорғады. Кеше 1 ақпан күні өткен іріктеу кезеңінде Виктория Зябкина мен Рима Кашафутдинова финалға аса қиналмай өткен болатын.

Ал бүгін алматылық 25 жастағы Зябкина финалда 7.39 секундпен мәреге екінші келді. Бас жүлде қытай қызы Лиан Сяочжиға (7,20) бұйырды. Айтпақшы, Қытай спортшысы жабық кешендегі Азия чемпионатының рекордын жаңартты. Ол рекорд бұған дейін Виктория Зябкинаға тиесілі болатын. Ол 2016 жылы Дохада дәл осы қашықтықты 7.27 секундта жүгірген еді.

Өкінішке қарай, Рима Кашафутдинова финалда жоғары нәтиже көрсете алмады. Қарағанды облысының атлеті 7.50 секундпен бесінші орынды қанағат тұтты. Рима ең болмаса кешегі іріктеу кезеңіндегі нәтижесін қайталағанда қола жүлдеге ие болар еді...

Айта кетейік, Қазақстан спортшылары жабық кешендегі Азия чемпионатынан әзірге 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. 

Жеңіл атлетикадан VIII жабық кешендегі Азия чемпионаты. 2 ақпан. Иран, Тегеран. 60 метрге жүгіру, әйелдер:

1. Лиан Сяочжи (ҚХР) – 7.20 с

2. Виктория Зябкина (Қазақстан) – 7.39

3.  Фарзанеш Фасиши (Иран) –7.44 

...

5. Рима Кашафутдинова (Қазақстан) –7.50. 

Тізімге қайта оралу