Жабық кешендегі Азия ойындарына қатысатын атлеттер анықталды
Бек Төлеуов  

Жабық кешендегі Азия ойындарына қатысатын атлеттер анықталды

Түркіменстан астанасы Ашхабадта жабық кешендегі Азия ойындары өтеді. Құрлық ойындарына Қазақстан спортшылары да қатысады. Олардың арасында жеңіл атлеттер де бар.

Азия ойындары 17-27 қыркүйек аралығында өтеді. Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы 15 спортшыны таңдап алды. Еліміздің намысын қорғайтын жеңіл атлеттердің ішінде Ольга Рыпакова, Виктория Зябкина, Ольга Сафронова, Иван Иванов секілді лидерлер де бар.

Ашхабадтағы жабық кешендегі Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы

Ерлер:

1. Владислав Григорьев (Қарағанды облысы) –60 метрге  және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру
2. Михаил Литвин (СҚО) – 400 метрге және 4 х 400 метрге эасфеталық жүгіру
3.Игорь Кондратьев (Павлодар облысы) – 400 метрге және 4 х 400 метрге эасфеталық жүгіру

4. Сергей Зайков (Павлодар облысы) – 800 метрге және 4 х 400 метрге эасфеталық жүгіру

5. Роман Лошкарев (Алматы) – биіктікке секіру
6. Сергей Григорьев (Алматы) – сырықпен секіру

7. Иван Иванов (Алматы) – ядро серпу

Әйелдер:

1. Ольга Рыпакова (ШҚО) – ұзындыққа және үш қарғып секіру
2. Мария Овчинникова (Қарағанды) – үш қарғып секіру
3. Ирина Эктова (СҚО) – ұзындыққа секіру
4. Виктория Зябкина (Алматы) – 60 метрге  және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру
5. Ольга Сафронова (Павлодар облысы) – 60 метрге  және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру

6. Мерджен Ишангулиева (Алматы) – 800 метрге және 4 х 400 метрге эасфеталық жүгіру

7. Элина Михина (ШҚО) – 400 метрге және 4 х 400 метрге эасфеталық жүгіру

8. Анастасия Виноградова (Алматы) - 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

Тізімге қайта оралу