Жабық кешендегі Қазақстан кубогының регламенті

Жабық кешендегі Қазақстан кубогының регламенті

Ертең яғни 10 қаңтарда елімізде жеңіл атлетикадан 2018 жылғы алғаш ресми жарыс басталады. Өскемен қаласында жабық кешендегі Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі өтеді.

Қазақстан кубогы – Халықаралық жеңіл атлетика федерациялар қауымдастығының (IAAF) ережесі бойынша өткізіледі. Кубоктың регламенті бойынша алдымен екі іріктеу кезең жоспарланған (10-11 қаңтар және 16-17 ақпан).Ал шешуші финалдық кезең 22-23 ақпанда болады.

Кубоктың бағдарламасына 13 жекелеген сайыс және ерлер мен әйелдер арасындағы екі командалық эстафета енгізілген. Атап айтсақ, спортшылар 60, 200, 400, 800, 1500, 3000 метрге жүгіру, 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 2000 метрге кедергілер арқылы жүгіру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, сырықпен секіру, үш қарғып секіру, ядро серпу және 4х200, 4х400 метрлік эстафета бойынша сайысқа түседі.

Іріктеу кезеңінде спортшыларға бірінші орыннан сегізіншіге дейін ұпай беріледі: бірінші орын – 10, екінші – 8, үшінші – 6, төртінші – 5, бесінші –4, алтыншы – 3, жетінші – 2, сегізінші – 1. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша 8 үздік атлет финалға жолдама алады. Сөйтіп, Қазақстан кубогының бас жүлдесіне таласады.

 Ал эстафеталық сайыстарда ұпай есептелмейді. Тек халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын құраманы жасақтау үшін өткізіледі.

Финалдық кезеңде жарыс 32 сайыс түрінен өткізеледі. Қосымша ерлердің жетісайысы мен әйелдердің бессайысы бар. Іріктеу кезеңіндегі ұпай ескерілмейді.

Қазақстан кубогына басқа елдің спортшыларына қатысуға болады, бірақ олардың ұпай жинауға мүмкіндігі жоқ.

 

Тізімге қайта оралу