Жеңіл атлетикадан 2017 жылдың ең үздік жас жұлдызы атануға 6 спортшы үміткер

Жеңіл атлетикадан 2017 жылдың ең үздік жас жұлдызы атануға 6 спортшы үміткер

Халықаралық жеңіл атлетика федерациялар қауымдастығы 2017 жылы көзге түскен 23 жасқа дейінгі атлеттердің үздігін анықтамақшы.

«Rising Star Awards» деп аталатын бұл жүлдеге 6 спортшы үмітті. Олардың қатарында мына атлеттер бар:

Кристан Коулмен (АҚШ) – 100 метрге жүгіруден әлем чемпионатының күміс жүлдегері;

Арман Дуплантис (Швеция) –  сырықпен секіруден әлем чемпионатының финалисі, 5,90 метрге секірген;
Карстен Вархольм (Норвегия) –  400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден әлем чемпионы;

Юлия Левченко (Украина) – биіктікке секіруден әлем чемпионатының күміс жүлдегері;

Сальва Эйд Насер (Бахрейн) – 400 метрге жүгіруден әлем чемпионатының күміс жүлдегері;

Юлимар Рохус (Венесуэла) – үш қарғып секіруден әлем чемпионы.

Жеңімпаздың есімі 24 қараша күні Монакода жарияланады.

Тізімге қайта оралу