Жеңіл атлетикадан 2018 жылғы ұлттық құрамаға кандидат спортшылар

Жеңіл атлетикадан 2018 жылғы ұлттық құрамаға кандидат спортшылар

Бүгін Өскемен қаласында өткен ҚР жеңіл атлетика федерациясы Атқару комитетінің отырысында 2018 жылғы ұлттық құрама штатын бекіту қарастырылды.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері спортшыларды 2017 жылғы нәтижелеріне қарап, үш категорияға бөлу керектігін айтты.

– Біз құрама А, В, С деп үш топтан жасақтауды жоспарлап отырмыз. А тобында Ольга Рыпакова бастаған құраманың көшбасшылары болса, В тобына эстафеталық сайыстарға қатысушылар мен құрлықтық және өзге додаларда жүлдегерлер қатарынан көрініп жүргендер енеді. Ал С тобы негізінен жастардан жасақталады. Сондай-ақ Рио Олимпиадасынан кейін декреттік демалыста болған Маргарита Мұқашеваны қостық. Ол бұған дейін ұлттық құрамада табысты еңбек көрсеткен спортшы. Ол өз алдына 2018 жылы үшінші рет Азия ойындарын ұтып алуды жоспарлап отыр, – дейді Григорий Егоров.

Отырыс қорытындысы бойынша ұсынылған тізім ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетіне жіберіледі.

А тобы:

Үш қарғып секіру

Ольга Рыпакова

Мария Овчинникова

Ирина Эктова

100 метрге жүгіру

Виктория Зябкина

200 метрге жүгіру

Ольга Сафронова

Сырықпен секіру

Сергей Григорьев

Ядро лақтыру

Иван Иванов

Спорттық жүріс

Георгий Шейко

В тобы

100 метрге жүгіру

Владислав Григорьев

400 метрге жүгіру

Михаил Литвин

Элина Михина

Марафон

Гүлжанат Жанатбек

100 метрге тосқауылдар жүгіру

Анастасия Виноградова

110 метрге жүгіру

Вячеслав Земс

400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

Мержен Ишангулиева

Дмитрий Коблов

Эстафета

Светлана Голендова

Римма Кашафутдинова

Биіктікке секіру

Роман Лошкарев

Никита Филипов

Үш қарғып секіру

Екатерина Эктова

20 шақырымға спорттық жүріс

Диана Айдосова

Полина Репина

Регина Рыкова

С тобы:

100 метрге жүгіру

Рүстем Әлмағамбетов

Александр Каспер

400 метрге жүгіру

 Игорь Кондратьев

Андрей Соколов

800 метрге жүгіру

Сергей Зайков

Маргарита Мукашева

Варвара Лисичкина

Татьяна Нерознак

Виктория Рыжикова

Марафон
Жанна Мамажанова

Ирина Смольникова

100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

Әйгерім Шыназбекова

Орынгүл Зкриенова

400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

Аделина Ахметова

Эстафета 4х100

 Анастасия Тулапина

Юлия Рахманова

Биіктікке секіру

 Юрий Дергачев

Надежда Дубовицкая

Сырықпен секіру

Даниил Полянский

Найза лақтыру

Артур Гафнер

Диск лақтыру

Евгений Миловацкий.

Тізімге қайта оралу