Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Жеңіл атлеттер Ашхабадқа жетті

17.09.2017

Бек Төлеуов  
183
Жеңіл атлеттер Ашхабадқа жетті

Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында V жабық кешендегі Азия ойындары басталып кетті. Кеше Қазақстанның мемлекеттік Туы көтерілді.

Атлеттер қалашығында өткен ту көтеру шарасына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов қатысты.

Енді бүгін 45 мың көрермен сиятын орталық стадионда ресми түрде ашылу салтанаты өтеді. Жабық кешендегі Азия ойындарына жеңіл атлеттер де қатысады. Қазақстан атлеттері Ашхабадқа Алматы әуежайынан 15 қыркүйек күні ұшып келді. Команда сапында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова бар. «Спорт падишасының» өкілдері жарыс жолына ертеңнен бастап шығады.


Ашхабадтағы жабық кешендегі Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы

Ерлер:

1. Владислав Григорьев (Қарағанды облысы) – 60 метрге  және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру
2. Михаил Литвин (СҚО) – 400 метрге және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру
3.Игорь Кондратьев (Павлодар облысы) – 400 метрге және 4 х 400 метрге эасфеталық жүгіру

4. Сергей Зайков (Павлодар облысы) – 800 метрге және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру

5. Роман Лошкарев (Алматы) – биіктікке секіру
6. Сергей Григорьев (Алматы) – сырықпен секіру

7. Иван Иванов (Алматы) – ядро серпу

Әйелдер:

1. Ольга Рыпакова (ШҚО) – ұзындыққа және үш қарғып секіру
2. Мария Овчинникова (Қарағанды) – үш қарғып секіру
3. Ирина Эктова (СҚО) – ұзындыққа секіру
4. Виктория Зябкина (Алматы) – 60 метрге  және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру
5. Ольга Сафронова (Павлодар облысы) – 60 метрге  және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру

6. Мерджен Ишангулиева (Алматы) – 800 метрге және 4 х 400 метрге эасфеталық жүгіру

7. Элина Михина (ШҚО) – 400 метрге және 4 х 400 метрге эстафеталық жүгіру

8. Анастасия Виноградова (Алматы) - 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру.

Тізімге қайта оралу