Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

6

Күн
Дунгань, Қытай

Жеңіл атлеттер Белекке келіп жетті

11.10.2017

96
Жеңіл атлеттер Белекке келіп жетті

Қазақстан жеңіл атлеттері ағзаны қайта қалпына келтіруге арналған оқу-жаттығулары үшін Түркияның Белек қаласына ұшып келді.

Кеше спортшыларымыз алғашқы алғашқы жаттығуларын өткізді. Команда құрамында 27 атлет бар. Олар Алматы және Астана арқылы ұшып барды.

Жаттықтырушылардан ұлттық құраманың бас бапкері Григорий Егоров, лақтыру сайыстары бойынша аға бапкер Виктор Евсюков, орта, ұзақ қашықтық және марафонға жүгіру бойынша аға жаттықтырушы Артем Жигалов, секіру сайыстары бойынша аға бапкер Александр Корчагин, сондай-ақ спортшылардың жеке бапкерлері  Михаил Лошкарев, Виктор Горбунов, Татьяна Лесовая тізімге енді.

Қазақстандық спортшылар тоқтаған жерде спорт кешені орналасқан. Онда жеңіл атлетика стадионы бар. Ішінде барлық сайыс түрлерінің өкілдеріне алаңсыз дайындалуға мүмкіндік жасалған.

Оқу-жаттығу жиындары 9-26 қыркүйек аралығына жоспарланған.

Ерлер

1.  Дмитрий Коблов (ОҚО, 1992) – 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру
2.  Георгий Шейко (БҚО, 1989) – 20 шақырымға спорттық жүріс
3.  Владислав Григорьев (Қарағанды, 1997)    - 100, 200 метрге жүгіру
4.  Никита Филиппов (Алматы, 1991) – сырықпен секіру

5.  Вячеслав Земс (Қарағанды, 1998)  – 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру
6.  Виталий Земс (Қарағанды, 1996) – 100, 200 метрге жүгіру
7.  Станислав Соловьев (Алматы, 2000)  – сырықпен секіру
8.  Роман Лошкарев (Алматы, 1996)  – биіктікке секіру

 Әйелдер

1.  Виктория Зябкина (Алматы, 1992)  - 100, 200 метрге жүгіру
2.  Юлия Рахманова (Алматы, 1991) – 100, 200 метрге жүгіру

3. Светлана Голендова (Жамбыл,1993) – 100 метрге жүгіру

4.  Мерджен Ишангулиева (Алматы, 1988) – 800 метрге жүгіру
5.  Мария Овчинникова (Алматы, 1998)  – ұзындыққа және үш қарғып секіру

6.  Диана Айдосова (Алматы, 1995) – 20 шақырымға спорттық жүріс
7.  Регина Рыкова (ОҚО, 1991) – 20 шақырымға спорттық жүріс
8.  Мария Телушкина (Алматы, 1994) – диск лақтыру 
9.  Полина Репина (БҚО,1990) – 20 шақырымға спорттық жүріс

10. Диана Нусіпбекова (Алматы, 1995)    – балға лақтыру
11. Надежда Дубовицкая (ШҚО, 1998) – биіктікке секіру 
12. Варвара Назарова (ШҚО, 1997) –  найза лақтыру
13. Лаура Ахметова (Алматы, 2000)  – ұзындыққа және үш қарғып секіру

14. Анастасия Ермакова (Алматы, 2000) – сырықпен секіру+

15. Полина Иванова (Алматы, 2002) – сырықпен секіру
16. Яна Тойбаева (Алматы, 2001)  – сырықпен секіру.

17. Надежда Кирнос (Маңғыстау, 1994) – жетісайыс

18.  Сарифа Рзакулиева (Алматы, 2000) – жетісайыс

19. Александра Кривицкая (ШҚО, 1996) – биіктікке секіру   

Тізімге қайта оралу