Георгий Шейко мен Полина Репина Кисловодск қаласында жаттығады

15.11.2017

219
Георгий Шейко мен Полина Репина Кисловодск қаласында жаттығады

Спорттық жүрістен еліміздің намысын қорғап жүрген отбасылық жұп Георгий Шейко мен Полина Репина бұл күндері Ресей Федерациясына қарасты Кисловодск қаласында жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Кисловодск – Ставрополь өлкесіне қарайды. Кавказ Минералды Сулары экологиялық-курорттық аймағының құрамына енеді. Демалыс орындары саны бойынша, Ресейдің Сочиден кейінгі екінші орын алатын бальнеологиялық және климаттық курорты. Кисловодск аймағында үш мыңнан аса емдеу-демалу орындары бар. Сондықтан бұл жер оқу-жаттығу жиынын өткізуге әрі ағзаны қалыпқа келтіруге ыңғайлы. Оның үстіне Ресей құрамасы да осында жаттығады. Олардың арасында спорттық жүрісті таңдаған атлеттер бар. Өздеріңіз білесіздер, жеңіл атлетиканың дәл осы түрінен солтүстік көршілеріміз әлемдегі үздіктердің қатарында. 

Георгий Шейко мен Полина Репина осының алдында Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына қатысып келген болатын. Енді жаңа маусымға дайындықты бастап кетті. 2018 жылдың алғашқы маңызы жарысы наурыз айында Жапонияның Номи қаласында өтеді. 2017 жылы Шейко құрлық біріншілігінен күміс медаль жеңіп алған еді. Одан кейін мамырда Қытайда әлем кубогы сосын тамыз айында Джакартада жазғы Азия ойындары бар.

Тізімге қайта оралу