Әйгерім Шыназбекова – Азия Гран-приінің жеңімпазы

28.04.2017

Бек Төлеуов  
158
Әйгерім Шыназбекова – Азия Гран-приінің жеңімпазы

Қытайдың Цзясин  қаласында өткен Азия Гран-приінің екінші кезеңінде қазақстандық Әйгерім Шыназбекова 100 метрге тосқауылдар (барьер) арқылы жүгіруден жеңімпаз атанды.

Азия Гран-приінде 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден еліміздегі ең мықты екі спортшы шақырту алған. Екінші кезеңде екеуі де ел сенімін ақтай білді. Әйгерім Шыназбекова чемпион атанса, Анастасия Пилипенко тұғырдың екінші сатысынан көрінді.

24 жастағы кентаулық спортшы мәре сызығын 13. 43 секундта кесті. Ал Анастасия Пилипенко 13.45 секундта келді. Сөйтіп, алтын мен күміс Қазақстан спортшыларына бұйырды. Қола жүлде жапон қызының еншісінде кетті.

Бірінші кезеңде Анастасия Пилипенко үшінші орын еншілесе, Әйгерім Шыназбекова бесінші орыннан аса алмаған еді.

Жалпы, Азия Гран-приіне Қазақстаннан 16 спортшы қатысып жатыр. Біздің құрама жалпы командалық есепте екінші орында келеді. Көшбасында Қытай спортшылары тұр.

Тізімге қайта оралу