Жылдың ұлттық спорттық жүлдесі:  Рыпакова, Овчинникова және ҚР ЖАФ үміткерлер қатарында
276

Жылдың ұлттық спорттық жүлдесі: Рыпакова, Овчинникова және ҚР ЖАФ үміткерлер қатарында

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті «Хабар» агенттігімен бірлесіп, «Жылдың ұлттық спорттық жүлдесі» байқауын өткізбекші.

Байқау қараша айының соңына дейін жалғасады Әрбір қазақстандық ең мықтыларды өздері таңдайтын болады. Бұл байқау осымен үшінші рет өткізелейін деп отыр. Бұған дейін жеңімпаздарды құрамында ҰОК пен ҚР мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері бар арнайы комиссия таңдап келсе, биыл енді оларды жанкүйерлердің өздері анықтамақ.

 Үміткерлер арасында Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы да бар. Біздің федерация Олимпиадалық спорт түрі бойынша үздік федерация номинациясында сынға түсіп жатыр. Сондай-ақ «Жыл жаңалығы» және «Жылдың үздік жас спортшысы» бойынша үш қарғып секіруден Азия чемпионы Мария Овчинниковаға дауыс беруге болады. Ал Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова «Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» номинациясында бақ сынап жатыр.

   «Жыл ішіндегі спорттық күнтізбе түрлі ждарыстарға толы болады. Әр спорт түрі бойынша халықаралық бәсекелер өтіп жатады. Сол бәсекелерде біздің спортшылар ел намысын абыроймен қорғап, жақсы нәтижелер көрсетуде. Біз барлық жанкүйерлерді үздіктерді анықтауға белсенді қатысуға шақырамыз», - дейді ҚР ҰОК Бас хатшысы Данияр Абулгазин.

Спорттық жүлдені көрермендер 2 желтоқсан күні «Хабар» арнасынан көре алады.«Жылдың Ұлттық спорттық жүлдесі» жаңа телевизиялық форматта өтеді. Жанкүйерлер өздері номинацияларға қатысып жатқандар дауыстарын бере алады. Дауыс беру ҚР ҰОК www.olympic.kz ресми сайтында 28 қарашанға дейін жалғасады. Осы айдың ортасында жүлденің әрбір номинациясында ұсынылған үміткерлер туралы, олардың үстіміздегі жылдағы жетістіктері туралы толық мәлімет беретін арнайы күнделіктер «Хабар» арнасында эфирге шықпақ екен.

Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады:

1.     «Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы»

2.     «Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы»

3.    «Үздік жас спортшы»

4.     «Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы»

5.      «Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы»

6.    «Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік федерация»

7.     «Үздік спорттық өңір» (республикалық маңызы бар қалалар, облыстардың денешынықтыру және спорт басқармалары)

8.    «Жыл жаңалығы»

9.     «Жылдың үздік командасы»

Жылдың спорттық жүлдесінің қорытындысы салтанатты түрде 30 қарашада табысталады.

 

Тізімге қайта оралу