ҚР Кубогы 4 кезең

Есептегіш

1

Күн
Алматы
Гифудегі алғашқы жүлдені Давид Ефремов сыйлады
42

Гифудегі алғашқы жүлдені Давид Ефремов сыйлады

Жапонияның Гифу қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сапынан алғашқы жүлдені қарағандылық Давид Ефремов еншіледі.

19 жастағы атлет 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден қола жүлдеге ие болды.

Іріктеу кезеңде ол аталған қашықтықты 13.79 секундта жүгіріп өтті. Ал қазақстандық басты қарсыласы саналған жапондық Рикуто Хигучи (13.61) мен тайбэйлік Лу Хао-Хуа (13.71) іріктеуде бірінші-екінші орынды өзара бөлісті.

Ал финалда Ефремов мәреге 13.81 секундта келді. Бас жүлде Лу Хао-Хуаға бұйырды. Ол бұл жарыста жеке рекордын жаңартты – 13.61 сек. Хигучи болса іріктеу кезеңіндегі көрсеткішінен 0.1 секундта кешігіп, екінші орынды қанағат тұтты.

 Айтпақшы, финалдық кезеңде өнер көрсеткен 9 спортшының сегізі Тампереде өтетін әлем чемпионатының нормативін орындады (14.20).

  9 маусым. Гифу. Азия чемпионаты (U-20). 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру. Финал.

Ерлер:

1.     Лу Хао-Хуа (Тайбэй) – 13.61 сек.

2.     Рикуто Хигучи (Жапонияя) – 13.71 сек.

3.     Давид Ефремов (Қазақстан) – 13.81 сек.

Тізімге қайта оралу