Гифудегі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан намысын 20 атлет қорғайды

Гифудегі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан намысын 20 атлет қорғайды

Бүгін, 7 маусымда Жапонияның Гифу қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталады. Кеше осы жарысқа қатысу үшін Қазақстанның делегациясы Күншығыс еліне аттанып кетті.

Азия чемпионаты 7-10 маусым аралығында өтеді. Жасөспірімдер арасындағы (U-20) құрлық біріншілігі осымен 18-рет ұйымдастырылып отыр.

Қазақстан намысын Жапонияда 20 спортшы қорғайды (6 ұл, 14 қыз). Атап өтсек:Азамат Құлдас (800 м), Вадим Левченков (5 000 және 10 000 м), Давид Ефремов, Данила Корр (екеуі де – 110 м т/а), Әділ Рамет, Иван Товченик (екеуі де – онсайысы), Юлия Ткаченко (100 и 200 м), Юлиана Осипова (100 и 200 м), Александра Залюбовская (400 м және 4х400 метрлік эстафета), Екатерина Ефремова (400 м және 4х400 метрлік эстафета), Екатерина Парамонова (800 м және 4х400 метрлік эстафета), Анель Шулакова (100 м т/а), Вероника Брославская (400 м және 4х400 метрлік эстафета), Светлана Саунина (3 000 м к/а), Екатерина Шлыкова (10 000 метрге спорттық жүріс), Елизавета Матвеева (биіктікке секіру), Анастасия Ермакова (сырықпен секіру), Анастасия Заводина (ұзындыққа секіру), Диана Гейнц пен Сарифа Рзакулиева (екеуі де – жетісайыс).

Азия жеңіл атлетика қауымдастығының ұсынған мәліметі бойынша Гифуде жалпы саны 437 атлет өнер көрсетеді екен. Олар 35 елдің намысын қорғайды. Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 44 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Тізімге қайта оралу