Гифуде өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына 22 спортшы барады
155

Гифуде өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына 22 спортшы барады

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы 7-10 маусым аралығында Жапонияның Гифу қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысатын құрама мүшелерінің тізімін жариялады.

Федерацияның бапкерлер штабы 6 мамырда Шымкентте аяқталған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының нәтижелерін есепке ала отырып, Азия чемпионатына қатысатын құраманы жасақтады. Соңғы тізім бойынша 7 ұл, 15 бойжеткен Жапонияға баратын болды.

Оның ішінде 8 спортшының былтырғы жылы Бангоктағы Азия чемпионатына қатысқан тәжірибесі бар. Атап айтсақ, Данила Корр, Әбдужапар Шәмшидов, Әділ Рамет, Елизавета Матвеева, Анастасия Ермакова, Анастасия Заводина, Лаура Ахметова, Сарифа Рзакулиева. Осылардың арасында Ахметова мен Рзакулиева жүлдеге іліккен.

Сонымен толық құрам мынандай:

Ұлдар

1. Азамат Құлдас (Қызылорда облысы) – 800 метрге жүгіру;

2. Вадим Левченков (СҚО) – 5000, 10000 метрге жүгіру;

3. Данила Корр (Қарағанды облысы) – 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру;

4.Давид Ефремов (Қарағанды облысы) – 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру;

5. Әбдужапар Шәмшидов (ОҚО) – үш қарғып секіру;

6. Әділ Рамет (Маңғыстау облысы) – онсайыс;

7.Иван Товченик (Алматы) –онсайыс;

Қыздар

8. Юлия Ткаченко (Астана) – 100 және 200 метрге жүгіру;

9. Юлиана Осипова (Қостанай) – 100 және 200 метрге жүгіру;

10.Александра Залюбовская (Павлодар облысы) – 400 метрге және, 4х 400 метрлік эстафетаға жүгіру;

11.Екатерина Ефремова (ШҚО) – 400 метрге және, 4х 400 метрлік эстафетаға жүгіру;

12.Екатерина Парамонова (Қарағанды облысы) – 800 метрге және, 4х 400 метрлік эстафетаға жүгіру;

13.Анель Шулакова (Қарағанды облысы) – 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру;

14.Вероника Брославская (Павлодар облысы) – 400 метрге және, 4х 400 метрлік эстафетаға жүгіру;

15.Светлана Саунина (Қызылорда облысы) – 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру

16. Екатерина Шлыкова (Алматы, 17 декабря 1999 года) – 10000 метрге спорттық жүріс

17. Елизавета Матвеева (ШҚО) – биіктікке секіру

18. Анастасия Ермакова (Алматы– сырықпен секіру;

19. Анастасия Заводина (ШҚО) – ұзындыққа секіру;

20. Лаура Ахметова (Алматы) – үш қарғып секіру;

21. Сарифа Рзакулиева (Алматы) – жетісайыс;

22. Диана Гейнц (Павлодар) – жетісайыс.

Тізімге қайта оралу