Көктемгі Қазақстан чемпионаты 2018

Есептегіш

7

Күн
Шымкент

Гүлжанат Жанатбек Азия чемпионатына барады

12.10.2017

159
Гүлжанат Жанатбек Азия чемпионатына барады

Әйелдер арасындағы еліміздегі ең үздік марафоншы Гүлжанат Жанатбек ҚытайдыңДонггуан қаласында өтетін Азия чемпионатында өнер көрсететін болды.

Бұған дейін Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы жаттықтырушылар кеңесінің шешімімен құрлық біріншілігіне Дана Айдосова, Алексей Гусаров (екеуі де – Алматы), Әмір Байтуқанов (ШҚО) баратын болға еді. Енді осы 3 спортшының қатарына Гүлжанатта қосылып отыр.

– Гүлжанат алғашында Сингапурдегі халықаралық марафонға қатысады деп ойлағанбыз. Бірақ кейіннен Азия чемпионатына баратын болып шешілді. Азия чемпионаты 26 қарашада өтеді. Біз спортшының жеке бапкері Лилия Шобуховамен жеке сөйлестік. Құрлық біріншілігіне 1,5 ай уақыт бар. Сондықтан спорттық бабын жоғалтпай, жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенеміз. Ол марафоннан ұлттық көшбасшысы, – дейді бас бапкер Григорий Егоров.

Айта кетейік, спортшыларды Қытайға Михаил Сорокивский алып барады. Азия чемпионаты 26 қарашада басталады.

Тізімге қайта оралу