Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

3

Күн
Дунгань, Қытай

Гүлжанат Жанатбек: Жүгіру менің – өмірім

01.09.2017

Бек Төлеуов  
147
Гүлжанат Жанатбек: Жүгіру менің – өмірім

Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық марафонының аяқталғанына бір аптаға жуық уақыт өтті. Жеңіл атлетика федерациясы порталы марафонда ерекше көзге  түскен атлеттердің жарыс туралы пікірлерін ұсынуды әріқарай жалғастырады.

Астанада 42 шақырым 195 метрге жүгірген ерлер мен әйелдер арасында үздік үштіктен тек бір қазақстандық көзге түсті. Ол – Алматы облысының тумасы Гүлжанат Жанатбек.

Бүгінгі таңдағы еліміздегі ең үздік марафоншы Астанада қола жүлдеге қол жеткізді. Уақыт көрсеткіші – 02:42:21.20.

– Үшінші орын мен үшін дәл қазір жақсы нәтиже деп ойлаймын. Өзімнің де, жаттықтырушымның да көңілі толды. Ауа-райы керемет, ұйымдастыру жоғары деңгейде өтті. Қатысқандардың барлығы риза болып жатыр. Мені озған екі қызда Лондондағы әлем чемпионатына қатысқан. Сондықтан өздерінің спорттық баптарында жүр. Уақыты келгенде оларды да озуға болады, – деп бастады әңгімесін Гүлжанат.

– Жарыс кезінде қобалжу болды ма?

– Әрине. Мен Рио-де-Жанейро Олимпиадасынан кейін ұзақ уақыт жүгірген жоқпын. Сондықтан аздаған қорқыныш болды. Астана марафоны  – үлкен спорттық шара. Бірнеше елден танымал марафоншылар келді. Өз жерімде өтіп жатқан жарыста үштіктен көріну үлкен мақсат еді. Сол үдеден шықтым. Жарыс барысында аздап толқығанымды жасырмаймын. Дегенмен жарақат пен басқа да қорқыныштардың ұмытып, ойдағыдай жүгіріп шыққаныма қуаныштымын.


– Бразилиядағы Олимпиадан кейін спортты тастап кетті дегендер болып еді... Бірақ биыл қайтадан жаттығуды бастап, жарыстарға қатысып жүрсіз?

– Негізі спортты тастап кеткен болатымын. Өйткені тұрмыстық мәселелер мен жеке өмірімде аздаған қиындықтар кездесті. Бір кездері спорт жайына қалды. Алайда кейіннен кейін бәрін түсіндім. Спортты сен таңдамайсың, керсінше, ол сені таңдайды екен. Осылайша, мен қайтып оралдым. Қазіргі кезде жүгірусіз өмірімді елестете алмаймын. Тіпті, карьерамды аяқтаған күннің өзінде өмір бойы жүгіре беретін тәріздімін.

Айта кетейік, Гүлжанат Жанатбек қазіргі кезде ресейлік маман Лилия Шобухованың қарамағында жаттығып жүр. Спортшы қараша айында Азия чемпионатына қатысады. 

Тізімге қайта оралу