Спорттық жүрістен әлем кубогы 2018

Есептегіш

8

Күн
Тайцанг, Қытай

Гүлжанат Жанатбек Сингапурде өтетін халықаралық марафонға қатысады

29.11.2017

Бек Төлеуов  
197
Гүлжанат Жанатбек Сингапурде өтетін халықаралық марафонға қатысады

Сингапурде дәстүрлі түрде желтоқсан айының алғашқы жексенбісінде халықаралық марафон өткізіледі. Биыл бұл жарысқа Қазақстаннан Гүлжанат Жанатбек қатысады.

Жүгіруді жақсы көретіндер үшін марафон керемет спорттық мереке. Бір күннің ішінде кәсіпқойлар мен әуесқойлар 42 шақырым 195 метрлік толық марафонға, жартылай марафонға, және10 шақырымға жүгіре алады. Одан бөлек, балаларға арналған 750 метрлік жүгіру тағы бар.

Тарихы 1982 жылдан басталатын марафонға Гүлжанат Жанатбек Башқұртстан астанасы Уфа қаласында дайындалды. Жеке бапкері Лилия Шобуховамен бірге бір ай көлемінде осында жаттықты. Енді спортшы 30 қараша күні Алматы–Куала-Лумпур бағыты бойынша ұшады, сосын әріқарай Сингапурге барады.

Гүлжанат Сингапурде 42 шақырым 195 метрге жүгіреді. Спортшы барынша жақсы нәтиже көрсетуге тырысатынын айтып отыр.

– Сингапурде күн өте ыстық, әрі ылғал. Сондықтан жүгіру оңай емес. Мысалы, былтыр және оның алдыңғы жылы жеңімпаз атанған кениялық спортшылардың нәтижелері 2,43-2,44 сағат болды. Көп нәрсе ауа-райына байланысты. Дегенмен мүмкіндігінше жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын. Мен жеке рекордым 2015 жылы Азия чемпионатында тіркелген (2,38,36 сағ). Сол нәтижемді қайталап жатсам керемет болар еді, – дейді Г. Жанатбек.

Алматы облысының марафоншысы биыл 27 тамызда Астанада өткен ШЫҰ марафонына қатысып, қола жүлде еншілеген болатын.

Сингапурден келген соң, Гүлжанат алдымен Ыстықкөлде, сосын Кисловодскте оқу-жаттығу жиындарын өткізуді жоспарлап отыр. Ең басты мақсат 24 наурызда Испанияның Валенсия қаласында өтетін жартылай марафоннан әлем чемпионатында жоғары орындардан көріну. 

Тізімге қайта оралу