Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Григорьев пен Сафронова 200 метрлік спринтте ел чемпиондары атанды

14.06.2017

115
Григорьев пен Сафронова 200 метрлік спринтте ел чемпиондары атанды Владислав Григорьевтің бастапқы старты жақсы болды

Жеңіл атлетикадан Алматыда өтіп жатқан ел чемпионатында 200 метрге жүгіруден ерлер арасында қарағандылық Владислав Григорьев қарсыластарын шаң қаптырса, қыздар арасында павлодарлық Ольга Сафронова алдына жан салмады.

Биыл ғана 20-ға толған Владислав Григорьевті тағы біраз тәрбиелесе, халықаралық ареналарға сеніп шығара беруге болатындай. Азия чемпионатының нормативін бұған дейін орындап қойғанын да жазғанбыз. Жанары жанып тұрған жас екен, Қазақстан чемпионатында салған беттен бәсекелестерінен ұзап кетуге тырысты. Сөйтіп, бұл чемпионатта Григорьев спорт шебері санатын орындады. Сонымен қатар, жастар арасындағы сында да ел чемпионы атағын жеңіп алды. Екінші орынды павлодарлық Рахат Мағзамов иеленсе, астаналық Александр Каспер үздік үштіктен көрінді.

200 м. (ерлер)

1. Владислав Григорьев (Қарағанды) – 20.79

2. Рахат Мағзамов (Павлодар) – 21.64

3. Александр Каспер (Астана) – 21.71

Қыздар арасындағы спринтте соңғы сәтте Элина Михина мен Виктория Зябкинаның жарыс жолағына шықпайтыны белгілі болды. Хаттамада екеуіне дәрігерлер рұқсат бермеді деп көрсетілген. Сондай-ақ, бірінші кезеңнен кейін Анастасия Тулапина, Юлия Рахманова мен Светлана Голендовалардың да финалдық сынға қатыспайтыны белгілі болып, павлодарлық Ольга Сафронованың еркін шабуына жағдай жасалды. Ольгаға да керегі осы екен, 200 метрді 23.11 секундтың ішінде қиып өтіп, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері санатын орындады. Дегенмен, Сафроноваға да босаңсуға болмайды. Оның артын өкшелеп келе жатқандар аз емес. Мәселен, қарағандылық Рима Кашафутдинова. 18 жасар аруымыз осы бетінен таймаса алдағы бір-екі жылда өзгелерді ұлттық құрамадан ысырып тастауы мүмкін.

200 м. (әйелдер)

1. Ольга Сафронова (Павлодар) – 23.17

2. Рима Кашафутдинова (Қарағанды) – 23.78

3. Анастасия Шемпель (Павлодар) – 24.10

Тізімге қайта оралу