Григорьев, Зябкина, Сафронова 200 метрге жүгіруден финалға шықты
Бек Төлеуов  
276

Григорьев, Зябкина, Сафронова 200 метрге жүгіруден финалға шықты

Үндістанның Бхубанешвар қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының соңғы күнінде 200 метрге жүгіруден финалға үш қазақстандық шықты.

Әйелдер арасындағы сайысқа 20 спортшы тіркелген еді. Ел намысын қорғап атлеттердің бірі Виктория Зябкина өз тобында екінші болды. Алматылық спринтер мәреге 23, 49 секундта жетті. Жерлесіміздің алдын Румешикой Кумари (23,40 сек) орап кетті. Келесі топта тағы бір отандасымыз Ольга Сафронова жүгіріп, үздік шықты (23,67 сек). Ол үндістандық Дьюти Чандтан (23,84 сек.) озып кетті.

Жалпы, хаттамада бірінші орында Кумари болса, екінші-үшінші орынды Зябкина мен Сафронова бөлісіп тұр. Сондай-ақ финалға Кана Ишикава (Жапония), Чанд, Шанти Перейра (Сингапур), Шрабани Нанда (Үндістан), Лин Хичжун (Қытай) шықты.

Ерлерден Владислав Григорьев өз тобында жеңімпаз атанды. Қарағандылық спортшының уақыт көрсеткіші – 20,98 сек. Ал жалпы, қатысушылардың арасында үшінші орында.

Григорьевтің алдында кореялық Пак Бонджо мен (20,91 сек.) мен қытайлық Би Ге  (20,95 сек.) орап тұр. Бұлардан бөлек финалға Котаро Танигучи (Жапония), Феми Огуноде (Катар), Энтони Берам (Филиппин), Ян Чун-Хан (Қытайдың Тайбэйі), Амиа Кумар Маллик (Үндістан) финалға өтті.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы финал бүгін Бхубанешвар уақыты бойынша 17:40-та, ерлер арасындағы финал 17:50-де басталады.

Тізімге қайта оралу