Григорий Егоров: Қосанов мемориалында спортшылар жеке рекордтарын жаңартады деп үміттенемін
100

Григорий Егоров: Қосанов мемориалында спортшылар жеке рекордтарын жаңартады деп үміттенемін

Жеңіл атлетикадан дәстүрлі халықаралық Ғұсман Қосанов мемориалы биыл 29-30 маусым күні Алматыда өтеді. Биыл осымен жарыс 28-рет ұйымдастырылып отыр. Осы орайда Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Григорий Егоровтың пікірін білген едік.

– Ғ. Қосанов мемориалы жеңіл атлетикадан елімізде өтетін екі халықаралық жарыстың бірі. Биыл да бірнеше елдің спортшылары қатысқалы отыр. Бас бапкер ретінде Қазақстан спортшыларының жоғары нәтиже көрсеткенін қалаймын. Бірінші кезекте, жеке рекордтарын жаңартып немесе соны қайталаса деп ойлаймын. Өйткені олар сол үшін жыл бойы дайындалып келеді. Бірнеше оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Тамыз айының соңында жазғы Азия ойындары бар, –дейді Григорий Егоров.

Бас бапкердің айтуынша, жақын арада Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жаққын арада ұсыну керек екен. Бірақ бізде ішкі жарыстардың барлығы енді басталады.

Айта кетейік, Ғұсман Сыйтықұлы Қосанов 1935 жылы 25 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Изатулла ауылында дүниеге келген. Олимпиада ойындарына тұңғыш қатысқан және Олимпиада жүлдесiн тұңғыш жеңiп алған қазақ атлеті.

*Ол 1960 жылы Рим олимпиадасында күміс медальға болды. Италия астанасында 4х100 эстафеталық жарыста КСРО құрама командасы сапында Л. Бартенев, Ю. Коновалов, Э. Озолиндермен бірге мәреге екінші келді. Қосанов сондай-ақ 1960 жылғы Олимпиада ойындарында 100 метрлік қашықтықта да жарыс алаңына шыққан болатын. Жекелей сында 10,7 секунд нәтижесімен жалпы есепте 6-орынға табан тіреді.

*Ғұсман Қосанов мемориалы соңғы ширек ғасырда Қазақстанда өткізіліп жүрген танымал додалардың бірі. Одан бөлек жеңіл атлетикадан Азия құрлығындағы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген ең ірі жарыстың бірі болып табылады. 1999 жылы «Қазпошта» мемориалдың 10 жылдық мерейтойына арнап, Ғұсман Қосановтың суретімен арнайы марка шығарды.

Тізімге қайта оралу