Григорий Егоров: Белекте ағзаны қалыпқа келтіру үшін барлық жағдай жасалған
244

Григорий Егоров: Белекте ағзаны қалыпқа келтіру үшін барлық жағдай жасалған

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Григорий Егоров Белекте өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындары туралы ойымен бөлісті.

– Бірден айта кетейін, Түркиядағы жиынға ұлттық құрама мүшелерімен қатар бірнеше жас жеңіл атлетті ерте келдік. Көбісі жасөспірімдер. Олар – болашағынан үлкен үміт күттіретін перспективасы жоғары спортшылар. Алдағы уақытта құрамадағы қыз-жігіттердің орнын басатын резерв ретінде қарастырып отырмыз. Мұндай оқу-жаттығу жиыны жастар үшін пайдалы. Бұл жинның оларға стимул болатынына сеніміміз мол. Біз өз кезегімізде барлығын бақылап,ой-елегінен өткіземіз, сараптама жасаймыз.

– Ал Қазақстан үздік жеңіл атлеттеріне қандай шарт қойып отырсыздар?

– Тәжірибелі спортшылар мен ұлттық құраманың көшбасшыларына келетін болсақ, бұл жиынның маңызы зор.Бірінші кезекте ағзаны қалыпқа келтіру тұрғысынан. Көбісі, маусымды жарақатпен аяқтады. Белектегі спорт кешенінің басшылығы бізге барлық мүмкіндік жасап отыр. Медициналық тексеру, емделу, сауықтыру процестері қол жетімді. Барлық жағдай жасалған. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдалануды дұрыс көріп отырмыз. Бірақ жаттығу жұмыстарын қапы қалдырмайтын боламыз. 

Тізімге қайта оралу