Халықаралық марафоннан қапы қалмаңыз!
Бек Төлеуов  
315

Халықаралық марафоннан қапы қалмаңыз!

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өтетін маңызды спорттық шаралардың бірі – Астана халықаралық марафоны. Бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттайтын бұл шараға тіркеу жұмыстары қазіргі кезде белсенді жүріп жатыр.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы осыған дейін 2016 жылы Қытайда алғашқы халықаралық марафонды өткізген болатын. Енді, міне, Астанада бұл марафон өз жалғасын табады. Осы жылдың 4 сәуірінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) жеңіл атлетикадан Астанада халықаралық марафон өткізу туралы келсімге келген еді. Елордадағы марафонды құрылғанына биылғы жылы 25 жыл толатын «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің» (АӨСШК) форумымен бірге өткізу жоспарланған. 

Марафонды Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Жалпы, марафон үш кезеңді қамтиды. Ең ұзақтығы – 42 шақырым 195 метр, орта қашықтық – 10 шақырым.  Одан бөлек,  ЭКСПО-2017 көремінің құрметіне орайластырылған 2017 метр бар.

«ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 08:00-де басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен жалпы 30 кәсіби спортшыны тарту көзделген. 

Марафонға кәсіби спортшылардан бөлек, жүгіруге әуес жандардың барлығына қатысуға мүмкіндік бар. Тіркелу http://scomarathon2017.com/kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі кезде 500 қатысушы өтініш беріп үлгерді.

Тізімге қайта оралу