Қазақстанның алғашқы делегациясы Лондонға аттанды
Бек Төлеуов  

Қазақстанның алғашқы делегациясы Лондонға аттанды

4-13 тамыз аралығында өтетін әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстаннан алғашқы делегация бүгін Алматы әуежайынан аттанып кетті.

Бірінші топта 2017 жылғы Азияның үш дүркін чемпионы, спринтер Виктория Зябкина (Алматы) спорттық жүрістен отбасылық жұп Георгий Шейко мен Полина Репина бар. Екеуі де Батыс Қазақстан облысының намысын қорғайды. Олармен бірге жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Георгий Егоров пен федерацияның спорттық директоры Александр Кощеев бар.

Бұл делегация бүгін Астана уақыты бойынша 21:30-да Лондондағы «Хитроу» әуежайына қонуы тиіс.

Айта кетйік, Виктория Зябкина әлем чемпионатын алғаш болып бастайтындардың қатарында. Ол 8 тамызда 200 метрге жүгіреді. Ал Георгий Шейко мен Полина Репина 13 тамызда өнер көрсетеді. Бірақ спорттық жүріс жергілікті ауа-райына ертерек бейімделуді қажет етеді. Сондықтан ертерек барып, дайындалатын болады. 

Тізімге қайта оралу