ҚР Кубогы 4 кезең

Есептегіш

1

Күн
Алматы
 Қысқы Қазақстан чемпионаты: Жартылай марафоннан Лейменов пен Богомольская жеңіске жетті
120

Қысқы Қазақстан чемпионаты: Жартылай марафоннан Лейменов пен Богомольская жеңіске жетті

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында қысқы Қазақстан чемпионаты басталды.

Бұл жарыс дәстүр айналған. Бұрын негізінен Алматы қаласында өтетін. Дегенмен Шымкентке ауысты. Еліміздің спортшылары алғаш рет осы маусымда манежде емес, далада ашық алаңда жарысы көрді.

Бүгін алдымен жартылай марафон өткізілді. Ерлерден Қазақстандағы үздік атлеттердің көбісі қатысты. жақында Валенсияда өткен әлем чемпионатында өнер көрсеткен Андрей Лейменов, Әмір Байтоқановта Шымкенттен табылды.

Лейменов 21 шақырымды барлығынан бұрын жүгіріп, өтіп, чемпион атанды. Ал «Азия балалары» халықаралық жарысының жеңімпазы Ислам Аманғос екінші орын алды. Үздік үштікті Әмір Байтоқанов қорытындылады.

Әйелдерден Ольга Ольга Богомольская (Павлодар облысы) жеңіске жетті. Ол екінші орындағы Людимла Монинадан (Алматы облысы) 2 минутқа озып кетті. Үштікте Татьяна Бондаренко (ОҚО) бар.

Қысқы Қазақстан чемпионаты. Шымкент, 30 наурыз. Жартылай марафон.

Ерлер:

1. Андрей Лейменов (ШҚО) – 1.07.52;

2. Ислам Аманғос (Алматы) –1.08.15;

3. Әмір Байтоқанов (ШҚО) – 1.08.51

Әйелдер:

1. Ольга Богомольская (Павлодар облысы) – 1.20.15;

2. Людмила Монина (Алматы облысы) – 1.22.34;

3. Татьяна Бондаренко (ОҚО) – 1.32.58.

Тізімге қайта оралу