Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

3

Күн
Дунгань, Қытай

IAAF Лондондағы әлем чемпионатының жалпы жүлде қорын бекітті

02.08.2017

Бек Төлеуов  
163
IAAF Лондондағы әлем чемпионатының жалпы жүлде қорын бекітті

Халықаралық жеңіл атлетика федерациялар қауымдастығы (IAAF) Лондонда өтетін әлем чемпионатының жалпы жүлде қорын бекітті.

Сенбі яғни 4 тамызда жеңіл атлетикадан XVI әлем чемпионаты басталады. Халықаралық доданың жүлде қоры 7 344 000 долларды құрап отыр.

Ал әлем рекордын орнатқан спортшы 100 000 доллардан алады. Сондай-ақ үздік сегіздікке енген спортшыларда құралақан қалмайды. Жекелей және эстафеталық сайыста үздік сегіздіктен көрінген атлеттерге сыйақы қарастырылған.

Әлем рекордын орнатқан атлет арнайы Word Record Award жүлдесімен марапатталады.

Жекелей сындағы жүлде көлемі:

1-орын – 60 мың доллар

2-орын – 30 мың доллар

3-орын – 20 мың доллар

4-орын – 15 мың доллар

5-орын – 10 мың доллар

6-орын – 6 мың доллар

7-орын – 5 мың доллар

8-орын – 4 мың доллар

Эстафеталық сайыстағы жүлде қоры:

1-орын – 80 мың доллар

2-орын – 40 мың доллар

3-орын – 20 мың доллар

4-орын – 16 мың доллар

5-орын – 12 мың доллар

6-орын – 8 мың доллар

7-орын – 6 мың доллар

8-орын – 4 мың доллар.

Айта кетейік, Қазақстан намысын «Тұманды Албионда» 13 спортшы қорғайды. Олар – Ольга Рыпакова, Мария Овчинникова (екеуі де – үш қарғып секіру), Виктория Зябкина (200 метр және 4х100 метрге эстафеталық жүгіру), Полина Репина, Георгий Шейко, Регина Рыкова, Диана Айдосова ( бәрі де – 20 шақырымға спорттық жүріс)Елена Наназиашвили (марафон), Ольга Сафронова, Юлия Рахманова, Рима Кашафутдинова, Светлана Голендова, Анастасия Тулапина (бәрі де – 4х100 эстафеталық жүгіру).

Тізімге қайта оралу