Көктемгі Қазақстан чемпионаты 2018

Есептегіш

7

Күн
Шымкент

IAAF-тың екінші деңгейлі курсы Өскемен қаласында өтеді

05.04.2018

50
IAAF-тың екінші деңгейлі курсы Өскемен қаласында өтеді

IAAF-тың жаттықтырушыларға арналған «Көптүрлі жеңіл» атты халықаралық курсының уақыты өзгерді. Бұл курс алғашында жоспарланғандай 5-12 сәуірде емес, енді 28 сәуір мен 5 мамыр аралығына өтеді.

ҚР жеңіл атлетика федерациясы ғылыми-техникалық орталығының жетекшісі Александр Кругликовтың айтуынша, курстың уақытының ауысуы германиялық лектор Ральф Иванға байланысты екен.

«Бірнеше уақыт бұрын біз халықаралық жеңіл атлетика федерация қауымдастығына (IAAF) тәжірибелі лектор тауып беруді өтінгенбіз. Екі жақты келісім нәтижесінде Ральф Иванға тоқталдық. Ол – өте танымал маман. Біз Иванның біліміне, тәжірибесіне сенеміз. Өзінің білгенің біздің бапкерлермен бөлісетін болады», – дейді А. Кругликов.

Семинар-тренинг 8 күнге жоспарланған. Онда көпсайыспен айналысатын спортшыларды қалай дайындау керектігі айтылады. Сондай-ақ практикалық сабақтар мен жаттығу әдістерін талдауға да уақыт бөлінеді. Курсқа 24 қазақстандық жаттықтырушы қатысады. 5 мамырда олар емтихан тапсырып, IAAF-тың екінші деңгейлі сертификатына ие болады. 

Тізімге қайта оралу