Пекинде Астана халықаралық марафонына арналған баспасөз жиыны өтті
Бек Төлеуов  

Пекинде Астана халықаралық марафонына арналған баспасөз жиыны өтті

Бүгін Қытай астанасы Пекинде әлемге танымал халықтық Жэньминь Жибао сайтының ғимаратында алдағы Астанадағы халықаралық марафонға байланысты байланысты жиыны өтті.

Бұған дейін 22 мамырда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Жеңіл атлетика Федерациясы мен «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы   ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық Астана марафонын өткізуге жайлы келісімге келген болатын.

 Айта кетейік, осы жылы Азиядағы өзара Ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске 25 жыл толып отыр. Осы атаулы датаны халықаралық марафонмен бірге атап өту қажет деген шешім шығарылды.   

Мұндағы басты мақсат – ұзақ мерзімді, тараптарға тиімді қарым-қатынас орнату. ШЫҰ халықаралық Астана марафоны «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясындағы ең ауқымды спорттық-мәдени шаралардың бірі болғалы тұр.

Баспасөз жиынында ШЫҰ мен АӨСШК құрамындағы елдердің элементтері бар марафоншы бейнеленген жарыс логотипі таныстырылды.  Сонымен қатар, марафон тарихы мен әлем бойынша ұйымдастырылған жарыстардың бейне ролигі мен Астана туралы фильм көрсетілді. Спикерлердің қатарында ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов,  АӨСШК атқарушы директоры Гуан Дживанвей және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов болды. 

Комитет төрағасының айтуынша, марафон ҚР Үкіметі үшін «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өткізілетін маңызды шара болмақ.

– 2016 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының тарихында алғашқы халықаралық марафон сәтті өткен болатын. Жарысқа 15 600 спортшы қатысқан еді. Енді Астанадағы марафон 5000 адам келеді деп күтілуде», –дейді Елсияр Қанағатов.

Естеріңізге салайық, «ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 08:00-де басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен жалпы 50 кәсіби спортшыны тарту көзделген. Олар, үш түрлі қашықтықта бақтарын сынайды: 42 шақырым, 10 шақырым, және 2017 метр. Шетелден келетін қатысушылар саны 1000 адамды құрап отыр. Қазақстандық тараптан 4000 адам қатысады деп күтілуде. Марафонға қатысушылардың жалпы саны 5000 адам. 

Марафонға онлайн тіркелу үстіміздегі жылдың 15-ші шілдеде басталады. www.scomarathon2017.kz

ШЫҰ алғашқы марафоны 2016 жылы өткізілді. Оған төрт құрлықтан 15,6 мың адам қатысты. Марафон ШЫҰ құрылуына 15 жыл толуына орайластырылды. Аталған шара қарапайым қазақстандықтар үшін салауатты өмір салты, достық пен әріптестік белгісі іспеттес болмақ.   

Тізімге қайта оралу