Жігіттер Тегерандағы Азия чемпионатына тас-дүйін дайын
Бек Төлеуов  
226

Жігіттер Тегерандағы Азия чемпионатына тас-дүйін дайын

Бүгін, 31 қаңтар күні түстен кейін Иран астанасы Тегерандағы «Афтаб Энгелаб» спорт кешенінде ерлер жаттығуларын пысықтады.

Маңызды жарыс алдындағы соңғы дайындыққа спортшыларды ұлттық құраманың бас бапкері Григорий Егоров бастап келді.

Спортшылар алдымен манежбен танысып, кішігірім жаттығуларын жасады. Ұлттық құрама сапында дәл осы аренада өнер көрсеткен екі спортшы бар. Олар – сырықпен секіруші Никита Филиппов пен 800 метрге жүгіруші Сергей Зайков.

Енді ертең алғаш болып, ерлерден Владислав Григорьев пен Виталий Земс (екеуі де – 60 метрге жүгіреді) өнер көрседі. Сондай-ақ биіктікке секіруші Роман Лошкарев, 400 метрге жүгіруші Михаил Литвин пен Дмитрий Коблов, 800 метрге жүгіретін Сергей Зайков және Игорь Кондратьев жарыс жолына шығады.


Қалған спортшылар ақпанның 2-сі мен 3-і күндері жарыс көрігін қыздыратын болады. Қарағандылық 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіретін Вячеслав Земс мамандар жоғары нәтиже күтеді. Бұл сайыс түрінен қатысушылар саны аса көп емес. Сондықтан іріктеу кезеңі болмайды, бірден финал басталады.

– Алдын-ала болжам жасағанды ұнатпаймын. Бір айтарым, жарыс кезінде бар күшімді салып жүгіретін боламын. Аянып қалмасым анық. Жанкүйерлер мен бапкерлердің сенімін ақтап, қолымнан келгеннің барлығын жасаймын», – дейді В.Земс.

Тізімге қайта оралу