26.04.2017

Бек Төлеуов  
127
Жігіттер жүлдесіз қалды Азия Гран-приі. Цзиньхуа, Қытай.

Қытайдың Цзиньхуа қаласында өткен Азия Гран-приінің алғашқы кезеңінде қыздарымыз бес медаль жеңіп алса, жігіттер жүлдесіз қалды.

Азия Гран-приіне Қазақстанннан 16 атлет шақырту алған. Оның ішінде 12-сі қыздар болса, 4-уі жігіттер.

Ерлерден жүлдеге жақын болған спортшы 21 жастағы Михаил Литвин. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы 400 метрге жүгіруден мәреге төртінші болып жетті. Ол қола жүлде алған Тайбэй спортшысынан 38 милисекундқа қалып қойды. Осы қашықтықта чемпион атанған кувейттік Карам Юсеф 47,19 секундта келді.

Құрамадағы тәжірибелі жігіттердің Роман Валиев үш қарғып секіруден өзінің осыған дейін көрсеткіштерін де қайталай алмады. Жерлесіміз финалда 15,90 метрге секіріп, небәрі бесінші орынды қанағат тұтты. Ядро серпуден сынға түскен Иван Иванов (18,19 метр) төртінші орын алды. Ал биіктікке секірген Юрий Дергаечев жарысты алтыншы орынмен аяқтады.

Енді алда Гран-придің екі кезеңі бар. Біріншісі 27 сәуірде Қытайдың Цзясин қаласында өтсе, екіншісі 30 сәуірге жоспарланған.

Жеңіл атлетика. Азия Гран-приі. Цзиньхуа, Қытай.

Бірінші кезең.

Ерлер

400 метр

  1. Карам Юсеф (Кувейт) – 47,19
  2. Куач Цон Лич (Вьетнам) – 47,22
  3. Чэнь Чех (Тайбэй) – 47,61
  4. Михаил Литвин (Қазақстан) – 47,98

Биітікке секіру

  1. Алдин Маджед Газаль (Сирия) – 2 м 27 см
  2. Кевян Ганбарзаде (Иран) – 2 м 24 см
  3. Сян Чунь Хсиен (Тайбэй) – 2 м 20 см

….6. Юрий Дергачев (Қазақстан) – 2 м 10 см

Үш қарғып секіру

  1. Дун Бинь (Қытай) – 16 м 68 см
  2. Цао Шу (Қытай) – 16 м 14 см
  3. Теппарак Пратчайя (Таиланд) – 16 м 03 см

...5. Роман Валиев (Қазақстан) – 15 м 90 см

Ядро серпу

  1. Самари Али (Иран) – 18 м 90 см
  2. У Цзясян (Қытай) – 18 м 62 см
  3. Пракаш Ом Синг (Үндістан) – 18 м 41 см

….......5. Иван Иванов (Қазақстан) – 18 м 19 см

Тізімге қайта оралу