Ирина Эктова Ғұсман Қосанов Мемориалында 14.07 метрге секірді Фото Константин Князевич

Ирина Эктова Ғұсман Қосанов Мемориалында 14.07 метрге секірді

Алматыда Рим Олимпиадасының күміс жүлдегері Ғұсман Қосановты еске түсіруге арналған дәстүрлі XXVIII Мемориал өз мәресіне жетті. Мамандарды қуантқан спортшылардың бірі Ирина Эктова болды.

Тәжірибелі атлет үш қарғып секіруден 14.07 метрге секіріп, чемпион атанды. Ирина көптен бері 14 метрден аса алмай жүрген. Мысалы, былтырғы үздік көрсеткіші 13.77 метр болған. Ал жеке рекорды 2011 жылы тіркелген (14.48 метр).

Бүгін, жалпы, әйелдер арасындағы үш қарғып секіру сайысына 5 атлет қатысты. Эктова жарысты 13.60 метрмен бастады. Солтүстік Қазақстан спортшы 13.36, 14.07 және 13.90 метрлерге секірді. Екінші орын алған теміртаулық Мария Овчинникова 13.12 метрмен шектелді. Оның үстіне Мария алты мүмкіндігінің тек екеуін тиімді пайдаланды.Үштікте өзбекстандық Ирина Белова бар.

30 маусым, «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы». Алматы. Үш қарғып секіру.

Әйелдер:

1. Ирина Эктова (Қазақстан) – 14.07 метр

2. Мария Овчинникова (Қазақстан) – 13.12

3.Ирина Белова (Өзбекстан) – 12.63.

Тізімге қайта оралу