XXVIII Ғ.Қосанов Мемориалы» халықаралық жарысы

Есептегіш

11

Күн
Алматы

Ирина Смольникова жарақатына байланысты әлем чемпионатына қатыспайды

24.07.2017

183
 Ирина Смольникова жарақатына байланысты әлем чемпионатына қатыспайды

Марафоншы Ирина Смольникова 4-13 тамыз аралығында Лондонда өтетін әлем чемпионатына қатыспайды. Бұл туралы ҚР жеңіл атлетика федерациясының спорттық директоры Александр Кощеев айтты.

Шығыс Қазақстан облысының тумасы соңғы жылдары тұрақты түрде 42 шақырым 195 метрді құрайтын марафонға жүгіріп жүрген еді. Спортшы өткен жылдың 23 қазанында Венецияда өткен халықаралық марафонда төртінші келіп, әлем чемпионатының нормативін орындады. Смольникованың уақыт көрсеткіші –  2:41:03. Жалпы, Лондондағы әлем чемпионатына қатысу үшін аталған қашықтықты кемі 2 сағат 45 минутта жүгіріп өту керек.

Ирина 2016 жылғыРио-де-Жанейро қатысушысы. Мәскеудегі дәстүрлі  халықаралық марафонның 2013 және 2014 жылғы жеңімпазы.

– Ирина бізге телефон арқылы хабарласып, жақында жарақат алғанын айтты. Сондықтан әлем чемпионатына турист секілді бара алмайтынын айтты, – дейді Александр Кощеев. 

Тізімге қайта оралу