Қытайда марафоннан Азия чемпионаты аяқталды
213

Қытайда марафоннан Азия чемпионаты аяқталды

Бүгін 26 қараша күні Қытайдың Донггуан қаласында марафонға жүгіруден XVI чемпионат Азия чемпионаты өтті.

Құрлық біріншілігіне 19 елдің спортшылары қатысты. олардың арасында қазақстандық Алексей Гусаров пен Дана Айдосова да бар. Алматы қаласының намысын қорғап жүрген екі спортшы 42 шақырым 195 метрге алғаш рет жүгірді. Бұған дейін аталған спортшылар басқа дисциплинада өнер көрсеткен.

Марафоншыларды Қытайға жаттықтырушы Михаил Сорокивский апарды. Оның айтуынша, басты мақсат марафонды жаңа бастап жатқан спортшыларға жарыстың атмосферасын сездіру, тәжірибе жинау болған.  

Гусаров мәреге 2:30, 38 сағатта келді. Сөйтіп, 16-орынға тұрақтады. Ал Айдосова жарақатына байланысты мәреге жете алмады.

Ерлер арасында бас жүлде Үндістан атлеті Гопи Тонакалға бұйырды. Ол былтыр Рио Олимпиадасында алғашқы отыздыққа енген. Екінші орынға 27 тамызда Астанада өткен ШЫҰ марафонының жеңімпазы өзбекстандық Андрей Петров мәреге екінші келді. Үздік үштікті Цевинравдан Бьямбаджав (Моңғолия) қорытындылады.

Әйелдерден Солтүстік Корея спортшысы Кореи Ким Хе Ген топ жарса, күміс жүлде жапон қызы Кейко Ногамидың қанжығасында. Үшінші орынға тағы бір КХДР өкілі Чжо Ун Ок қол жеткізді.

Марафоннан XVI Азия чемпионаты, Донггуан (Қытай).

      Ерлер:

1.     Гопи Тонакал (Үндістан) – 2.15,48

2.     Андрей Петров (Өзбекстан) – 2.15,51

3.     Цевинравдан Бьямбаджав (Моңғолия) – 2.16,14

… 16. Алексей Гусаров (Қазақстан) – 2.30,38

Әйелдер:

1.     Ким Хе Ген (КХДР) – 2.28,35

2.     Кейко Ногами (Жапония) – 2.29,05

3.     Чжо Ун Ок (КХДР) – 2.30,01

… 7. Марина Хмелевская (Өзбекстан) – 2.39,52

… Дана Айдосова (Казахстан) – DNF.

Тізімге қайта оралу