Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

8

Күн
Дунгань, Қытай

Иван Иван Қазақстанға қола жүлде сыйлады

07.07.2017

Бек Төлеуов  
144
Иван Иван Қазақстанға қола жүлде сыйлады

Алматы облысының тумасы, ядро серпуші Иван Иванов Үндістандағы Азия чемпионатында қола жүлде еншіледі.

Құрлық біріншілігінде жерлесіміз алғашқы мүмкіндігінде 19,41 метрге серпіді. Бұдан кейін мүмкіндіктерінде бұл межеден аса алмады. Азия чемпионы ирандық Али Самари 19,80 метрге лақтырды. Үндістандық Таджиндер Синг 3 сантиметрге қалып, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетеейік, маусым басында Иванов, Самари, Сингх үштігі әр түрлі халықаралық жарыстарда бірге бақ сынаған. Самари Азия Гран-приі мен Қосанов мемориалында қазақстандық атлеттен озып кеткен болатын.Бұл жолғы тартыс тағы да ирандық пайдасына шешілді. Дегенмен Иван Қазақстанға осы Азия чемпионатындағы алғашқы қола жүлдені сыйлап отыр.

Азия чемпионаты. Бхубанешвар, Үндістан.

Ядро серпу, ерлер.

1.    Али Самари (Иран) – 19,80 метр

2.    Таджиндер Сингх (Үндістан) – 19,77 метр

3.    Иван Иванов (Қазақстан) – 19,41 метр

Тізімге қайта оралу