Иван Иванов: Азия чемпионатынан кейін көз жасыма ерік бердім
284

Иван Иванов: Азия чемпионатынан кейін көз жасыма ерік бердім

Тәжірибелі атлет, Иван Иван 7 шілде күні Үндістан Бхубанешвар қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ядро серпуден қола жүлде жеңіп алды. Жарыстан кейін спортшы біздің порталдың тілшісінің сауалына жауап берді.

– Иван көптен күткен жүлдеңізбен құттықтаймын!

– Рахмет үлкен.

– Жарыстың алдында үздік үштіктің қатарынан көрінемін деп ойладыңыз ба?

– Шынымды айтсам, ештеңе ойлаған жоқпын. Өз қалауым бойынша лақтырдым. Мен үнемі өз қалауыммен күшім жеткенше серпуге тырысамын. Ешқашан медаль туралы ойламаймын.  Ең бастысы – ядро қайда ұшатыны маңызды. Дұрыс қозғала біру керек. Сол кезде нәтиже өздігінен келеді. Бүгін дәл солай болды. Жаңбыр жауды. Мен алғашқы мүмкіндігімде 19.41 метрге жеткіздім. Одан кейін жолым болмады. Жаңбырдың да әсері бар. Әрине, қола жүлде еншілегеніме қуаныштымын. Ауа-райының қолайсыздығы болмағанда бұдан да жақсы нәтиже көрсетуге болар еді.  

   – Сайысқа шығатын кезде өзіңізді қалай сезіңдіңіз?

 – Ешқандай қобалжу болмады. Спорттық бабыма енгенмін. Жоспар бойынша барлығы дұрыс келеді.

– Иван, сенің бұл маусымдағы үздік көрсеткішің – 20 метр. Лондондағы әлем чемпионатына қатысу үшін 20,50 метрге жеткізу керек. 23 шілдеге дейін үлгеруге мүмкіндік бар ма?

– Әзірге білмеймін. Егер ондай мүмкіндік болса керемет еді. Норматив орындаудың уақыты аяқталуға жақындап қалды. Бұл мәселе бойынша менеджермен сөйлесеміз. Норматив орындайтын сияқты сезімдемін. Егер Лондонға бара алмай жатсам, онда Тайбэйдегі бүкіләлемдік Универсиада ойындарына қатысамын. Қыркүйекте жабық кешендегі Азия ойындары бар.

– Сырт жақтағы жарыстардың ішінде алғаш рет 19,41 метрге жеткізіп отырсыз.

– Дәл солай. Жалпы, бұл менің Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдем.

   –  Әсері қандай екен?

– Қандай болушы еді? Мен жыладым. Көзден жас ыршып шықты. Осы медаль қаншама тер төктік. Кейде жолымыз болмайды. Бірде енді басқа себептер болып жатады.

Тізімге қайта оралу