Марафоннан Азия чемпионаты

Есептегіш

1

Күн
Дунгань, Қытай

Иван Иванов осы маусымдағы үздік нәтижесін көрсетті

26.05.2017

Бек Төлеуов  
172
Иван Иванов осы маусымдағы үздік нәтижесін көрсетті Иван Иванов. Фото Эдуард Гавриш

Алматыда өткен Қазақстан кубогының ядро серпу сайысына қатысушылар саны аз болды. Дегенмен ерлер ұлттық құрама көшбасшысы Иван Иванов Алатау баурайында Үндістан өтетін Азия чемпионатының нормативін орындады.

Ерлер арасындағы сайыста Иван Роман Добренюкпен жарысты. Ивановтың ең жоғарғы нәтижесі 19 метр 3 сантиметр болды. Сөйтіп, сенімді түрде чемпион атанды. Қарсыласы одан 6 метрге қалып қойды.

Алматы облысының тумасы Қазақстан кубогының алдында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында жарысқа қатысқан еді. Ол кезде 18.62 метр серпіген.

– Мамыр айының басында Бішкектегі жарыста 19 метр серпігенмін. Бірақ есептеген жоқ. Ал Қазақстан кубогында алғашқы мүмкіндігімде 19 метрге лақтырғаннан кейін көрсеткішімді әрі қарай жақсартқым келді. Бірақ сол жағы маған сәл қысым түсірді. Жалпы бұл стартқа көңілім толады. Үндістанда өтетін Азия чемпионатында бұдан да жақсы нәтиже көрсетемін деп ойлаймын, – дейді Иван Иванов.

Ядро серпу. Ерлер:

1. Иван Иванов (Алматы облысы) – 19.03 метр

2.  Роман Добренюк (Алматы қаласы) – 13.06 метр.

Әйелдер арасындағы сайыста үш спортшы өнер көрсетті. Олардың арасында қарағандылық Екатерина Нестерова үздік шықты. Ол 13.69 метрге серпіді. Екінші орынға Эвелина Клименко (12,49 метр) орналасса, қола жүлде Шығыс Қазақстан облысынан келген Эрика Кемге  (10,93 метр) бұйырды.

Ядро серпу. Әйелдер:

1. Екатерина Нестерова (Қарағанды) – 13.69 метр

2. Эвелина Клименко (Алматы) – 12.49 метр

3. Эрика Кем (ШҚО) – 10.93 метр.

Ал балға лақтырудан қыздар арасында ұлттық құрама көшбасшысы Диана Нүсіпбекова өзінің мықтылығын дәлелдей алды.

Балға лақтыру. Әйелдер:


1. Диана Нүсіпбекова (Алматы) – 56.19 метр

2. Екатерина Нестерова (Қарағанды) – 49.61 метр.

Тізімге қайта оралу