Иванов пен Филиппов Рыпакова турнирінің жеңімпаздары

21.01.2018

132
Иванов пен Филиппов Рыпакова турнирінің жеңімпаздары

Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған жабық кешендегі IV халықаралық турнир мәресіне жетті.

Осымен қаңтар айындағы ресми жарыстар толығымен аяқталды. Алда ақпан айында Тегеранда өтетін Азия чемпионаты бар. Құрлық біріншілігі алдында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері дайындықтарын бір пысықтап алды десек болады.

Рима Кашафутдинова, Михаил Литвин бірлі-жарым спортшылар болмаса, Иранға баратын құрама мүшелерінің дені осы турнирге қатысты. Жеңіл атлетиканың техникалық сайыс түрлерінен негізінен өзіміздің атлеттер жеңіске жетті. Тек үш қарғып секіруден Армения спортшысы үздік шықты.

Ядро серпуден Иван Иван тағы да өзінің өзгелерден деңгейі жоғары екенін байқатты. Ол қаңтар айында үшінші рет алтын жүлдеге ие болып отыр. Бұған дейін кубок пен ел чемпионатында топ жарған еді. Бірақ бұл жолы 19 метрге жетпей тоқтады. Ең жоғары нәтижесі – 18.32 метр.

Сырықпен секіруден ерлер арасында Никита Филиппов бірінші орын алды. Ол соңғы болып өнер көрсетті. Алматы қаласының спортшысы Өскемендегі жарысты 5.40 метрмен аяқтады. Негізі тағы да 15 сантиметр қосып, турнирдің рекордын тағы да жаңартуға талпынған. Алайда ол ұмытылысы өз жемісін берген жоқ. Екінші орындағы Данил Полянский(Қарағанды) чемпионнан 20 сантиметрге қалып қойды. Үшінші орын тағы бір алматылық Михаила Будаға бұйырды (4.60).

Әйелдерден жақында ғана Қазақстан чемпионы атанған Анастасия Ермакова бұл жолы 3.50 метрді бағындыра алмады. Есесіне, чемпион Яна Тойбаева болды. Алматы қаласының тумасы 3.70 метрге секірді. Тойбаева одан кейін 3.82 метрге талпынғанымен, ол биіктікті бағындыра алмады.

Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық жарыс. 20 қаңтар. Ядро серпу, ерлер: 

1.     Иван Иванов (Қазақстан) – 18.32 (жарыс рекорды); 

2.     Дмитрий Лукичев (Қазақстан) – 11.30; 

3.     Николай Клименко (Қазақстан) – 10.80. 

Сырықпен секіру, ерлер:

1.     Никита Филиппов (Қазақстан) – 5.40 (жарыс рекорды); 

2.     Данил Полянский (Қазақстан) – 5.20; 

3.     Михаил Буда (Қазақстан) – 4.60.

Сырықпен секіру, әйелдер: 

1.     Яна Тойбаева (Қазақстан) – 3,70 м 

2.     Ярослава Вислобокова (Қазақстан) – 3,20 м 

Тізімге қайта оралу