Жакартада сенім артатын жастарымыз Фото - Алексей Губанов

Жакартада сенім артатын жастарымыз

Индонезияда өтетін жазғы Азия ойындарына елімізден 33 жеңіл атлет қатысады. Олардың арасында жас спортшылар да бар. Бүгінгі әңгімеміз солар туралы болмақ.

Құрамадағы жастардың қатарында биіктікке секіруші Надежда Дубовицкая, 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруші Давид Ефремов пен Вячеслав Земс және 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруші Аделина Ахметова кіреді. Аталған спортшылардың ішінде Дубовицкаядан басқасы Қарағанды облысының тумалары.

Осылардың арасында үшеуі – Надежда Дубовицкая, Вячеслав Земс және Аделина Ахметова үшеуі 1998 жылы дүниеге келген. Соңғысы 20 жасқа желтоқсан айында толады. Ал Давид Ефремов биыл 19 жасқа толды.

Ақпан айында Ирандағы жабық кешендегі Азия чемпионатында қола жүлде еншілеген Дубовицкаяның негізгі қарсыластары өзбекстандық спортшылар. Бұған дейін екі бірдей Азия ойындарында жеңіске жеткен Светлана Радзивил мен жүлдегері Надия Дусанованың биылғы қарқыны да қатты. Сосын қытайлық Яан Ван мен Цзявень Лу бар. Надежда Азияның рейтингінде 1.85 метрмен бесінші орында тұр.

Аделина Ахметова былтыр Бхубанешвардағы Азия чемпионатында 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден финалға шыққан. Осы жылы Иранда 4х400 метрлік эстафеталық сайыстан чемпион атанған.

Давид Ефремов Гифудегі жасөспірімдер арасындағы Азиячемпионатында 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден қола жүлде еншіледі. Одан кейін Тампердегі әлем чемпионатына қатысты. Сосын 24 шілде күні алғаш рет ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында алғашқы рет жеңімпаз атанды. Енді Жакартада финалға шығып жатса, жас спортшы үшін жоғары жетістік болмақ.

Тізімге қайта оралу