Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына Қазақстаннан 32 атлет қатысуы мүмкін
190

Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына Қазақстаннан 32 атлет қатысуы мүмкін

Биылғы жылы жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы 18-ші Азия чемпионаты өтеді.

Құрлық біріншілігін Жапонияның Гифу қаласы қабылдайды. Азия жеңіл атлетика қауымдастығы 20 жасқа дейінгі Азия чемпионатын 7-10 маусымға белгілеп отыр. Жарысқа 1999 жылдан бері қарай туған спортшылар қатыса алады.

Өтініш тапсыру уақыты аяқталды. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы қатысатын спортшылар мен бапкерлердің санын жіберді. Алдын-ала жіберілген өтініште 32 спортшы бар (16 ұл, 16 қыз). Сондай-ақ атлеттерді 8 жаттықтырушы алып барады. Ұйымдастырушылар 10 қазақстандық спортшы мен 2 жаттықтырушының шығынын өз мойындарына алып отыр.

Ең соңғы нақты тізімді 23 сәуірге дейін тапсыру қажет. Елімізде бұл жастағы спортшылардан Давид Ефремов (спринт), Михаил Буда (сырықпен секіру), Анастасия Ермакова (сырықпен секіру), Яна Тойбаеваны (сырықпен секіру) айтуға болады.

Тізімге қайта оралу