Қарағанды облысының жас атлеттері командалық есепте бірінші орынға шықты
Бек Төлеуов  
370

Қарағанды облысының жас атлеттері командалық есепте бірінші орынға шықты

Алматы қаласында 2000-2001 және 2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

Үш күнге жоспарланған жарыстың кеше екінші сайыс күні аяқталды. 30 қыркүйек күні жалпы саны 22 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Кейбір спортшылар бірнеше бағдарлама бойынша да қатысты. Мысалы, ШҚО тумасы Екатерина Ефремова 200, 400 метрге жүгіруден алдына жан салған жоқ. Ефремова сонымен қатар командалас әріптесі Анастасия Заводина, Дарья Демченко, Александра Егоринамен бірге 4х100 метр эстафеталық жарыстан да топ жарды. Сөйтіп, үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды.

Үш медаль алғандардың қатарында 17 жастағы жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Лаура Ахметова бар. Ол ұзындыққа секіруден  (5,60 м) күміс, үш қарғып секіруден (12,56 м) алтын алды. Сондай-ақ Анастасия Трифонова, Умида Сабирова, Дарина Исмаилмен бірге 4х100 метр эстафеталық жүгірудің күмісін де еншіледі.

Командалық сында Қарағанды облысының ОРЖБСМ командасы 2 күнде 28 893 ұпай жинап көш бастаса, екінші орында Алматы қаласының №2 ОРМБЖМ мектебі келеді. Үздік үштікті ШҚО қорытындылап тұр.  

Ұлдар

200 метрге жүгіру

1. Сергей Танин (Астана) – 22,38

2. Александр Аксютин (ШҚО) – 23,28

3. Владимир Фещенко (ШҚО) – 23,36

800 метрге жүгіру

1. Николай Петров (Алматы обл) – 1:57,53

2. Сергей Сухов (Қарағанды обл) – 1:58,59

3. Владимир Щербинин (Қостанай обл) – 2:01,80

4х100 метрлік эстафета

1. ШҚО (Аксютин, Картаев, Фещенко, Паша) – 44,91

2. Қарағанды обл – 45,36

3. Қостанай обл – 46,08

1000 метрге жүгіру

1. Руслан Наумов (Алматы) – 2:50,59

2. Данил Струков (Қарағанды обл) – 2:51,51

3. Данил Сүлейманов (ШҚО) – 2:51,57

   Диск лақтыру

1. Дмитрий Гусев (ШҚО) – 48,26

2. Юнусхон Жаполов (Қарағанды обл) – 44,53

3. Жарас Қожахметов (ШҚО) – 41,51

100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

1. Даниил Петров (Қарағанды обл) – 16,04

2. Богдан Попов (ОҚО) – 16,45

3. Аян Төлеуов (СҚО) – 16,51

2000 метрге кедергілер арқылы жүгіру

1. Владимир Епишев (Алматы  обл) – 7:03,47

2. Азат Рамазанов (СҚО) – 7:12,74

3. Серікбол Әлімов (Астана) – 7:18,44

Онсайыс

1. Абдулхамит Кисин (Алматы) – 4446

2. Артём Онищенко (СҚО) – 4311

3. Максим Кауфман (Қарағанды обл) – 3989

 

Қыздар

200 метрге жүгіру

   1. Екатерина Ефремова (ШҚО) – 26,38

2. Александра Егорина (ШҚО) – 26,39

3. Юлиана Осипова (Қостанай обл) – 26,40

800 метрге жүгіру

1. Ульяна Плеханова (Қостанай обл) – 2:22,43

2. Регина Митрофанова (ШҚО) – 2:23,23

3. Наталья Ульбрихт (Қарағанды обл) – 2:26,53

4х100 метрлік эстафета

1. ШҚО (Заводина, Демченко, Егорина, Ефремова) – 51,25

2. Алматы – 51,82

3. Ақмола обл – 53,45

1000 метрге жүгіру

1. Надежда Юрченко (СҚО) – 3:02,86

2. Александра Мохирева (Қарағанды обл) – 3:03,51

3. Арина Гладышева (ШҚО) – 3:04,91

Диск лақтыру

1. Алина Воронцова (Алматы) – 31,45

2. Яна Сурихина (Қарағанды обл) – 31,08

3. Елена Головина (Қарағанды обл) – 30,80

100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

1. Томирис Атымжанова (Павлодар обл) – 15,91

2. Маргарита Назаренко (Ақмола обл) – 16,35

3. Ольга Чернова (ОҚО) – 16,44

2000 метрге кедергілер арқылы жүгіру

1. Василиса Фахрутдинова (Қарағанды обл) – 7:51,81

2. Аружан Рахымберлина (Алматы обл) – 8:03,34

3. Ольга Королёва (Қарағанды обл) – 8:36,65

 

Тізімге қайта оралу