Қарағанды облысының спортын енді жеңіл атлет Дмитрий Карпов басқарады

Қарағанды облысының спортын енді жеңіл атлет Дмитрий Карпов басқарады

Кеше Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Афины Олимпиадасының қола жүлдегері, жеңіл атлет Дмитрий Карповты облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы етіп тағайындады.

–  Спорттағы басты мәселе  мен легионерлердің аз болғанын қалаймын, жергілікті спортшылар көп болса деймін. Қомақты қаржы жұмсаймыз, сондықтан осы бағытта жұмыс жасау керек. Ол үшін бүгіннен бастап балалар мен жеткіншектер спортын дамыту керек, –  деді Ерлан Қошанов.

Дмитрий Карпов 1981 жылы дүниеге келген. 2005 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік унивеситетінің денешынықтыру және спорт факультетін, 2008 жылы заң факультетін бітірген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 2003 жылы Италияда өткен жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-приде онсайыстан 8253 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды және Қазақстан мен Азияның рекордын жаңартты. Сол жылы Сени-Дениде өткен (Франция) әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды және Қазақстан мен Азияның рекордын жаңартты( (8374 ұпай).

2004 жылы Афины Олимпиадасында қола жүлдеге ие болды (8725 ұпай). «Алтын лига» Гран-приінің қола жүлдегері (Франция, 2004 жылы), Халықаралық жарыстардың күміс жүлдегері (Австрия, 2006, Германия, 2006). XV Азия ойындарында онсайыстан топ жарған. 2007 және 2008 жылы Жапония мен Испаниядағы әлем чемпионатында қола жүлде еншіледі. Спорттық карьерасын аяқтаған соң, әртүрлі қызметтерді атқарды.  «Қарағанды облысы жеңіл атлетика федерациясы» АҚ вице-президенті. Жеңіл атлетика бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының штаттағы нұсқаушы-спортшысы (Астана), «Қарағанды қаласының жеңіл атлетика бойынша олимпиадалық резервтің балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі» ҚММ жаттықтырушы-мұғалімі болып істеген. 2015  жылдың қазан айынан бастап бүгінге дейін осы мектеп жетекшісі болды.

ҚР жеңіл атлетика федерациясы атынан Дмитрий Карповқа жауапты мемлекеттік қызметтегі карьерасына табыс тілейміз.

Тізімге қайта оралу