ҚР Кубогы 4 кезең

Есептегіш

1

Күн
Алматы
Қарағанды облыстық жеңіл атлетика федерациясы 2017 жылды қорытындылады
169

Қарағанды облыстық жеңіл атлетика федерациясы 2017 жылды қорытындылады

13 желтоқсан күні Қарағанды облыстық жеңіл атлетика федерациясының есептік-сайлау конференциясы өтті. Жиында екі жаңа вице-президентті сайлау, атқарылған жұмыстың есебін тыңдау және 2017 жылы Қарағанды жеңіл атлеткасының дамуына үлесқ қосқандарды марапаттау болды.

Конференция облыстық федерациясының президенті Асылбек Дүйсебаевтың тапсырмасы бойынша өткізілді. Жиынға вице-президент Дмитрий Карпов төрағалық етті. Қонақ ретінде облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова қатысты.

Бұған дейін Қарағанды облыстық жеңіл атлетика федерациясының жалғыз вице-президенті болған. Ол қызметті 2004 жылғы Афины Олимпиадасының қола жүлдегері Дмитрий Карпов атқарып келді. Конференцияда Карповтан бөлек тағы екі вице-президент сайланды. Олар – «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының төрағасы Марғұлан Кәрібеков пен Arcada компаниясының бас директоры Алексей Нефедов.

Жеңіл атлетикадан облыстың бас бапкері Тамара Войтюк 2017 жылы атқарылған жұмыстың қорытындысын баяндады. Спортшылардың арасында үш қарғып секіруден теміртаулық Мария Овчинникова Бхубанешварда өткен Азия чемпионатында топ жарған. Сондай-ақ құрлық біріншілігінде 4х100 метрлік эстафетаға жүгіруден Қазақстан алтын алған еді. Сол құрама сапында қарағандылық Рима Кашафутдинова болды.

Жиын соңында Мария Овчинникова мен оны дайындаға Лариса Ившина және Наталья Зоринаға алғыс хат табысталды.

 

Тізімге қайта оралу