Қазақ қызы Ганновер марафонында екінші орын алды
303

Қазақ қызы Ганновер марафонында екінші орын алды

8 сәуірде Германяның Ганновер қаласында дәстүрлі халықаралық марафон өтті.

Бұл марафон 1991 жылдан бері ұйымдастырылып жүр. Биыл осымен 28-рет өткізілген марафон Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының IAAF Silver Label статусына ие.

Қазақстаннан барған спортшылар арасында Ақмарал Мейірман күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол әйелдер арасындағы классикалық 42 шақырым 197 метрлік қашықтықты 2:55.58 сағатта жүгіріп өтті. Ал бірінші келген Кения спортшысы Агнес Кипроптың уақыт көрсеткіші – 2:32.35 сағат. Үздік үштікті жергілікті спортшы Аида Штальхут қорытындылады (03:03.13).

Ерлерден еліміздің намысын қорғаған Михаил Красилов мәреге алтыншы болып жетті. Қазақстандық атлет аталған қашықтықты 2:24.24 сағатта жүгіріп өтті. Сөйтіп, 2016 жылдан бері ең үздік көрсеткішін тіркеді. Бірінші орынды Эфиопия стайері Себок Негусс еншіледі (2:09.44). Екінші-үшінші орынды Кениядан келген Майкл Куньюга (2:10.16) мен Дункан Коэч (2:10.19) өзара бөлісті.

Жалпы, Ганновер марфонына (HAJ Hannover Marathon) биыл 10000-нан астам адам қатысты.

Тізімге қайта оралу