Қазақстан чемпионатында «өзбек» қызы ешкімге жеткізген жоқ Суретте Виктория Сергеева (№ 37) және Екатерина Тунгускова (№ 225). Фото авторы – Константин Князевич

Қазақстан чемпионатында «өзбек» қызы ешкімге жеткізген жоқ

Алматыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында әйелдер арасындағы 1500 метрге жүгіруден өзбекстандық Екатерина Тунгускова қатысып, ең үздік нәтижені тіркеді. Бірақ бұл спортшының нәтижесі есепке алынбайды.

Тунгускова Азия ойындарына дайындық ретінде чемпионатқа жарыстан тыс қатысып отыр. Сондықтан оның нәтижесі хаттамаға жазылмайды. 

Дегенмен, өзбекстандық атлеттің төрешінің ысқырығы естілісімен, көшбасшылықты қолға алып, мәреге дейін ешкімге жеткізбегенін айта кетсе болады. Оның уақыт көрсеткіші –4:28.85 минут.

Қазақстан чемпионатына қостанайлық Татьяна Нерознак қатысқан жоқ. Сол себепті жүлделі орындарға өзге атлеттер таласты. Алғашында Тунгусковадан керекулік Евгения Фандюшина қалыспауға тырысқан. Бірақ соңғы жарысында Екатерина қарқынын үдеткенде Фандющина ілесе алмады. Есесіне, СҚО-дан келген Виктория Сергеева белсеніп, мәреге екінші келді (4:29.83 мин). Үшінші орынға Айгүл Қайыржанова тұрақтады (4:40.27 мин).

23 шілде. Алматы. Қазақстан чемпионаты. 1500 метрге жүгіру.

Әйелдер:

1.Виктория Сергеева (СҚО) – 4:29.83 мин.

2.Евгения Фандюшина (Павлодар обл.) – 4:32.77 мин.

3.Айгүл Қайыржанова (СҚО) – 4:40.27 мин.

Ал 10 мың шақырымға тек үш спортшы жүгірді. Оның үстіне бұл қашықтыққа жүгір у күннің шыжып тұрған уақытында басталды. Сол себепті болар, атлеттердің нәтижелері жоғары бола қойған жоқ. Бірінші орынға Жанна Мамажанова ие болды.

23 шілде. Алматы. Қазақстан чемпионаты. 10000 метрге жүгіру.

Әйелдер:

1.Жанна Мамажанова (Алматы) – 37:15.18 мин.

2.Дана Айдосова (Алматы) – 38:20.09 мин.

3.Ақмарал Мейірман (Түркістан обл.) – 38:58.27 мин.

Тізімге қайта оралу