Қазақстан чемпионатына 221 спортшы қатысады

Қазақстан чемпионатына 221 спортшы қатысады

23-24 шілде күндері Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді.

Биылғы ел біріншілігіне 221 спортшы (134 ер, 87 әйел) қатысады. Олар Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және 13 облыстың намысын қорғайды. Үздіктерден тек Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова қатыспайды. Ол Азия ойындарына жеке дайындалып жатыр.

Ал Виктория Зябкина, Михаил Литвин, Ирина Эктова, Ольга Сафронова, Сергей Григорьев бастаған құрама көшбасшыларының бәрі қатарда.

Қазақстан чемпионатында 42 медаль жиынтығы сарапқа салынады (21-і ерлер, 21-і әйелдер арасында). Жарыстың алғашқы күні 22 сайыс түрінен, ертеңінде 20 сайыстан чемпиондар анықталады.

Қазақстан чемпионатының қорытындысына сәйкес Азия ойындарына қатысатын құрама толық жасақталады.

Тізімге қайта оралу