Қазақстан чемпионатына еліміздің үздік атлеттерінің барлығы қатысады

05.06.2017

Бек Төлеуов  
51
Қазақстан чемпионатына еліміздің үздік атлеттерінің барлығы қатысады

12-14 маусым күндері Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді. Оған еліміздің үздік атлеттерінің барлығы қатысады деп күтілуде.

Мамыр айының басында ұлттық құрамаға бас бапкер болып, танымал сырықшы Григорий Егоров тағайындалған еді. Ол соңғы 15 жылда Пиреней түбегіне қоныс аударып, Испания азаматтығын алған болатын. ҚР Жеңіл атлетика федерациясының спорттық директоры Александр Кощеевтің шақыруымен, жақында елге оралды. Егоровтың айтуынша, Қазақстан чемпионатына үздік атлеттердің барлығы қатысуы тиіс. Тек 8 маусымда Римде өтетін «Гаухар лиганың» төртінші кезеңінде өнер көрсететін Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова тыс қалуы мүмкін.

Ел біріншілігінде спортшылар Бхубанешвар өтетін Азия чемпионаты (6-9 шілде) мен Лондондағы әлем чемпионатының (4-13 тамыз) нормативін орындайды.

Өйткені жаңа маусымда әлі жарысқа қатыспаған спортшылар бар. Мысалы, 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруші Дмитрий Коблов (Шымкент) пен Александра Романова (Караганды), үш қарғып секірден отбасылы жұп Евгений мен Ирина Эктоваларды айтса болады.

Қазіргі кезде Лондондағы әлем чемпионатына қатысуға атлеттер 8 лицензия жеңіп алған. Оның ішінде төртеуі спорттық жүрістен болса, екеуі марафоннан қатысады. Сондай-ақ жақында Алматыда өткен Қазақстан кубогында үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен бүкіләлемдік Универсиада ойындарының үш дүркін жеңімпазы Виктория Зябкина 200 метрге жүгіру бойынша нормативті орындады.

Тізімге қайта оралу